Өсек те от, дұрыс бір
үрлейтін жел қайда бар?
Сол отыңнан бір ұшқын
түсті менің аулама.

Қоқыр-соқыр бар да еді,
бір салақтық болмай ма:
бықсыр екен қай жері,
соғар екен жел қайдан.

Іржәніктің сабаны
лау еткелі тұр тегі.
Малдың көңі... жанады
мақтасындай күртенің.

Гүлім бар-ды қыршын бір, –
еккен едім аулама.
Қызыл ұшқын ыршып жүр –
қорғайтын күш қайда бар?!

Қой, қой айқай жетеді,
өртшілерді шақырма.
Шапаныңның етегі
күйіп бара жатыр ма?

Ескіліктен езілген,
арылу үшін бүргеден,
бұл ауланы өзім де
өртейін деп жүрген ем!

1970