Ала шыңның бауырында алып бір
мен басымды білегіңе салыппын.
Қатып ұйықтап қаппын солай,
желкеме
сағатыңның бауы батып қалыпты.
Жаттым біраз түс шығар деп асыл бұл,
білегіңнен алғым келмей басымды.
Көзімді ашсам: «ақ білектің» орнында
қара томы жатыр екен Қасымның.
1970