Күндер өткен сайын ауыл қашықтап,
күндер өткен сайын жүрміз ғашық боп.
Машық болды ауылым деп жыр жазу,
сағыну да айналды оны машыққа.

Сөкпеңіздер жан емеспін мен ескі,
жан ұқпаса жаңалық та көмескі.
Жершілдіктен деме жерді жыр етсем,
қанымды айтсам қазақшылық демессің.

Күндер өткен сайын адам бауырмал,
бауырмалдық бұрады екен ауылға.
Торғай ұя салған әлсіз бұтадай
бізді де осы біреулер жүр ауырлап...

1970