ШАМАҒАҢНЫҢ ШАБЫТЫ

Шамиль Мұхамеджанов өз беті, қолтаңбасы, танымал
дауысы бар лирик ақындарымыздың бірі еді. Өлеңдері сыршыл, нəзік, барынша ағынан жарылып, ылғи да ақиқатын
айтатын ақын поэзия табалдырығын:
Жарық көрсе өлеңім, түсінемін:
(болса да бар болғаны бір шумақты)
Поэзия ВУЗ-ына түсуге мен
Тапсырып шыққаным деп бір сынақты,–
секілді қарапайым, жып-жылы ғана жыр шумағымен аттапты. Өнердің қасиетті табалдырығын əлгіндей əдеп-ізетпен,
шəкірттік именшектікпен аттаған ақын «жас» деген эпитеттен күні кеше құтылса да жоғарыдағы жолдардың жазылғанына отыз жылға таяу уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде Шамиль талай-талай жыр кітаптарын, толып жатқан поэма, балладалар беріп үлгеріпті. Бұл – сана ғана емес, сапа да: ақын
жинақтан жинаққа өсіп, биіктеп отырыпты. Қай өлең, қай
жинағын алып қарасақ та ақын өзінің уақыт, заман алдындағы зор жауапкершілігін жылдар өткен сайын мықтап сезіне
түскені айқын аңғарылады. Ұзынырғасы он бес кітаптан
іріктелген осы бір томдық таңдамалы («Шабытты шақ»,
«Жазушы», 1981) керемет тұтас болып көрінеді. Ақынның
көңіл күйі əр шығармада əртүрлі, əрқалай болғанымен, əрине, өлеңдердің көркемдік, поэтикалық деңгейлерінің де бірдей еместігін айтпағанда, рухы жағынан томның осынша
тұтас, өлең мен өлеңнің арасынан қыл өтпейтіндей тығыз
саңылаусыз болып көрінуі, əлгі айтылғандай, ақынның уақытты сезінуі, уақыт алдындағы өзінің ақындық, азаматтық
жауапкершілігінің салмағын түсінуінен болса керек.477
Киіктей дөңнен дөңге ырғуменен
Өтіпті-ау көп уақыт дырдуменен,
Не дермін, қайран мезгіл қайырылып кеп
Сұраса өз өтеуін бір күн менен.
Міне, мезгіл «қайырылып кеп» өз өтеуін сұрап отыр. Шамиль ақынның жауабы – осы кітап. Ақын өзін өзі қанша қомсынғанымен, уақытын босқа өткізбепті.
Елтітіп жастық дəурен – қызғалдақ күн,
Жырымның тең жартысын қызға арнаппын.
Сонда да ұстағаным бір-ақ шабақ,
Ұшына жем ілсем де жүз қармақтың.
...Жүзін де ұстамақ боп ұмтылып ем,
Сонда да ұстағаным бір-ақ елік.
...Ақыры жұбандым мен,
Ұстадым да
Жəудір көз бір еліктің құралайын.
Əдемі-ақ жолдар ғой. Ақын жанының жапырағына тұнған шық сынды, мөп-мөлдір, тап-таза, таңғы даланың иісі
аңқиды.
Əнеки, бұлттар ентелеп,
Біріне-бірі қарады:
Ақ басты бура жетелеп
Ақ сақал кетіп барады,–
дегенді де;
Жастық шақ, шіркін, бір қызық,
Ерте, кеш тынбай ду қызып:
Екі ауыз жазған өлеңің
Екіұдай айтыс туғызып,–
дегенді де;
Қол үзген ғұмыр бойы талап-істен,
Өр кеуде бəзбіреу бар шала піскен.478
Ол үшін дүниенің бар қызығы:
Сəн түзеп киім киіп, тамақ ішкен,–
дегенді де Шамағаң айтыпты. Мұнда да уақыт мінезі бар.
Ақынды да, тоғышарды да уақыт туғызады; ылғи да егіз, қатар жүретін жақсылық пен жамандық тəрізді тоғышар мен
өнерпаз да – бір-бірімен мəміле іздемес егіздер.
Біз жарыссақ – жарысайық өнермен,
Биіктесек – биіктейік өлеңмен! –
Бұндай жолдарды да ақын əлгіндей тоғышар тұстастарына арнап айтқан сияқты.
Шамиль Мұхамеджанов қазақ поэзиясының қарапайым
солдаттарының бірі еді. Ақпейіл, адал азамат болатын: амал
не, арамыздан тым ерте кетті. Талай жылғы еңбегінің қызығы – осы томның түптелген түрін де көре алмады.
Достарым менің көп еді
Айырылмастай жалғанда;
Біразы соның келмеді
Ауырып аз күн қалғанда,–
деп өзі айтқандай, Шамағаң «аз күн ауырған» жоқ, соңғы
он жылда жыл сайын дерлік аурумен өтті. Қанша ауырып,
ақын қанша жүдегенімен жазуын, творчестволық еңбегін толастатпағанын енді ғана аңғарып отырмыз. Ол шын мəнінде
оптимист, мойымайтын жігіт еді. «Ауырып аз күн қалғанда»
деуінің түпкі сыры да сонда жатыр... Шамиль, əсіресе, соңғы
жылдары өндіріп жіберіпті. Ақынның:
Төлеухан, Төлеу, Ихсан, Мираштарым,
Бірге өскен достарым мен құрдастарым...
Есіме сендер менің түсесіңдер,
Сағынсам туған жердің нұрлы аспанын.
Мəңгілік тау суының арнасындай
Сендерсің сарқылмайтын жыр-дастаным.
Сендермен көрікті ғой туған өлкем,
Төсінде ырыс-байлық тұнған өлкем,479
Еркесі, елігіндей сол даланың
Өмірі мен сендерді жырлап өтем,–
деуінде де үлкен шындық бар: оның өлеңі – өзі, өзі – өлеңі;
өлеңді өлең жазу үшін жазбайтын Шамиль ағамыздың
достықты қалай қастерлейтінін өз басымыз көре қалдық.
Ақын досын домбырасындай əлпештейтін.
Жазбаған жырым жазылса,
Айтпаған сырым айтылса,
Дүниеге осынау
Көңілім менің толар-ау,
Еңбегім менің жанар-ау.
Ақын тап осылай айтып, айта алып тұрған кезінде үзілді.
«Шабытты шақты» үңіле қарап отырғанда Ш.Мұхамеджановтың тақырыптық ауқымының кеңдігі де назар аударады. Сонау Торғай даласынан бастап бүкіл Сарыарқа, Алтай,
Алатау, Атыраудан «Кіші жерге» дейінгі аралықтағы ұлылыкішілі жай-жағдайлардың бəрі ақын қаламына қозғау салған.
Сол аралықтағы құмайдан бастап құлынға шейін жырға айналған. Соның бəрінде Шамиль – тек Шамиль болып қана
жырлайды. Ол қай өлеңде болса да жырдың шыншылдығын
ғана қадағалаған секілді. Содан да ақын жырлары оқушыны
еріксіз иландырады, секемсіз сендіреді. Шамағаң өлеңдері
жалған, жалпылдақ теңеу, образдардан, жасанды, арзан техницизмнен ада, барынша қарапайым, өзінің мінезі сықылды
кішіпейіл, бауырмал. Өлеңді бір кісідей-ақ көсілтіп жазғанымен Шамиль ешқашан көкірек ұрып, көзге түсуге тырысқан
жан емес еді. Үлкенг