АЗАМАТ АУЫЛЫ
Ердің атын қатын шығарады.
Халық сөзі.
– Шіренуін қарашы соққанның, – деді əсем ақсұр жігіт
арқан бойы алда, жайдақ атта мықынын таянып отырған тапалтақ қараны иегімен мегзеп, – ерің құдды қырып қайтқан
дерсің! Астына басқан алақандай киізі болса мынау ханға
сəлем бермес.352
– Өзі асығып барады.
– Қайтсін, олжалы оралды ғой!
Сегіз аттылы салдыртып келеді. Шөптің құйылып, піскен кезі. Жуық арада жаңбыр жауып өткенге ұқсайды. Ойдым-ойдым өскен балауса сіңбіріктің иісі мұрын жарады,
бай ауылдың жарау аттары тізгін жұлқып, жерге ұмтылады.
Жүргіншілердің жеңіл, жазғы бөріктері желкелеріне сырғи
береді. Осыны сезіп келе жатқан бастаушы артына бұрылмастан əңгір-əңгір етті:
– Тойдыр аш-арығыңды, ағайын, мың сан жылқың
қаптаған ауылыңда ат оты жоқ болар.
– Əнен, сөзін көрдің бе?
– Сонда малын неше мəрте ауыстырған болды өзі?
– Саусағыңды бүкпей-ақ қой, қазір қатынына қайта айтады.
– Мен, – деді əлгі ақ сұр жігіт, қияқ қара мұртының шалғысын сипап қойып, – бірінші айырбастан соң-ақ мына кедейдің қатыны сыр шығармаса бір тоғыз бəс тігем!
– Екінші айырбасқа менен бір тоғыз! – деді серігі. Осы-ақ
екен, мырзалар кеулеп, кеуделеп алып кетті.
Бұлар шетінен бапқа, баққа бөккен балпаңдар-ды. Əрқайсысының есімін ел білетін. Əрқайсысы əр ру, əр атаның қасқасы мен жайсаңы. Бір шөкім дəулетін желге шашқан анау
нақұрыс жігіттің хикаясы бəрін қызықтырған еді. Бəрі бір
жайдақтың соңынан жөңкіліп жүргені содан – бəрі жабылып
кедей бишараның əңгімесін, соның шаруа басы əйелге, үй
ішіне етер əсерін көрмек, сынамақ.
– Менен қора қой! – деп қосты тағы бірі.
– Менен тайтұяқ алтын, ат-шапан!
Енді бірі:
– Менен қырық қысырақ! – деп өршеленді.
Өсте-өсте бəске тігілген мал-мүліктің ауыз саны молайып
қалды.
Байлық, барлықты ғана құдірет тұтып үйренген үйірлі
ерке бір сəт өз қосқандарын өздері көңілдерімен шолып байқаған, көз алдары шұбарытып жүре берді...
Сүт пісірімнен соң аттылар аңқып кеп Көкжалдың ирек
сорына түсті.
Суық торғай боп бүріскен жалқы қараша үй. Керегенің төменгі жартысына, ірге-аяқ орынына күзгі қияқтан тоқылған353
ши ұсталған. Азаматтар ат қазықты омыраулай тоқтағанда
көлеңкеде жатқан қызыл бұзау үркіп түрегелді. Сол-ақ екен,
киіз есік түріле көтеріліп, астынан бір қауым бас шүпірледі, іле өңкей уақ бала шу етті де жарыса шапты. Тырағайлап
кеп, жамырай сəлем берісті: «ассалау, салау, сала-лалау» деп
даурығысты. Сөйтіп, əп-сəтте əрқайсысының үлесіне бір-бір
жалпақ бас қара баладан тиген мырзалар үйге беттеді. Толық,
қара торы əйел сырттан – оң жақтан қарсы ап, қонақтар түгел
кіріп біткенше киіз есікті бір иығымен көтеріп тұрды.
Үйдің іші сыртынан да жұпыны еді. Бірер көнетоз түйе
жүн шекпен, бөрік, бұзаутіс қамшы – кереге басында. Төрт
құрсаулыайранкүбі,екіқатарүлдірік,самаурын,шылапшын.
Қымбат қазына, мол дүниеге көздері дағдыланған бай балалары мынадан соң қоңылтақсып қалды. Мұнша жоқшылықпен де күн кешуге болатындығына таң боп сəл аңырысқан,
артынша ешқайсысы ештеңе көрмеген құсап, мұрындарын
көтерісті. Бұлары əлденендей сасық иістен жиіркеніп, желге
қараған ақылсыз кербездің амалсыз паңдығы іспеттенді.
Үй иесі иығына, тізесіне мінген сəбилердің бірін қағып,
бірін еркелете отырып, сөз бастады:
– Уа, қатын, құлағың тос. Алдыма салып берген алты өгізіңді айдап аржаққа өттім. Екеуімізге аян, өгіз осы үйдің бар
байлығы еді. Оқсаттым дей алмаймын, сонда да түгел тыңда. Аржақта ақжарқын бір азамат өгіздеріме қызықты. Құрбы жігіт екен, көңілін қимадым, жо-оқ, тегін емес, қос атқа
жеккен екі аяқты арбасына ауыс еттім.
– Ə-ə, бəрекелде, құтты көлігіңіз болғай! – деді əйел.
– Сабыр, қатын, сауда жаңа басталды, – деді жігіт, дауысын көтере, жайғаса отырып, – екі атты аршындата желдіріп,
жарықтық Бозаң суын жағалап келе жаттым...
– Абатжанның апасы көрмеді-ау сонда сізді! – деді əйел.
– Иə, Бозаң суын жағалап келе жаттым. Кілең қара көк
қысырақ қуған бір бай жарау жүйрікпен о да қапталдасты.
Мен де ағыздым. Бай да басты қамшыны. Мен де салдым сауырға. Ол құтыла алмады. Мен жете алмадым. Ақыры, бай
айдалада жылқы қуған кісіге арбамен қосылған нендей есуас
екенін білмек шығар, тоқтай ғап жөн сұрасты. Мен ол мінген жүйрікке қызыққанымды; жүйріктің өнерін көрмек болғанымды алқына əңгіме еттім. Бай ауызымнан шыққанды354
аңырып тыңдады. Міне, тап былай мықынын таянып сəл
тұрды ерің. Сосын сақылдап кеп қатты күліп жіберді. Мен
шамданайын дедім. Бай жуып-шайып қара көк тұлпарымен
жанаса берді. Шіркіннің атын айтам, көріктісін қайтерсің!
Аяғын билеп басады. Сонымен, не керек, бай: «Көңіл етсең
бір биенің құлыны ғой, алдыңда болсын!» – деді. Мен: «Ертұрманымен бе?» – деп, күмістеген өмілдірік, құйысқанға
қарадым. Ол: «Еркің білсін!» – деді. Мен арбадан қарғып түсіп, арғымаққа міндім.
– Уə, жарады, ер қанаты – ат деген, Абатжанның көкесі!
Əйелдің сөзі шат, расында қатты риза боп, сүйсінген кісінің сөзіндей қалтқысыз естілді. Өзі төрт құбыласы сай
адамдай жайбарақат, мол, сенімді. Қонақтар мына секілді
кеңдік, ауыз-байлыққа сену, сенбеудің ретін таппай дағдарған қалыптары, ерлі-байлы екеудің ауыздарына кезек жалтақтасады. Бір ауық жа