Ұғыспау ма уақыттың алдында?
Жо-жоқ, достым!
Басқа мазмұн бар мұнда.
Бір еркелік етуден де қалдың ба –
жел де еркелеп аунайды ғой шалғынға?!

Пәк көңілмен тосқан сайын жыр төсін
көп адамның пиғылынан үркесің.
Күзетшідей күйіп кеткен күркесі
неге сұп-сұр саған деген жұрт осы?!

1978