Хақ-тағала қатты еріккен шағында
жүреді екен жасыл жұмақ бағында.
Езуіне «Беломорын» қыстырып,
жын-шайтанын жинайды екен ысқырып.
«Қара дию сен ұш, – деді бір күні, –
күзет анау пәнде деген жылқыны!»
Дию ұшты; бірді азғырып, бірге ұрды –
соғыс шықты.
Әй, бүлдірді-ау, бүлдірді.
«Ақ періштем, сен ұш, – деді бір күні, –
түзет анау пәнде деген жылқыны!»
Періште ұшты: бітті бәрі, тыйылды –
соғысқандар салтанатқа жиылды.
Сонсоң Алла... ол да ер-ақ кісі еді:
диюлардың маңдайына үш елі
қарғыс тігіп,
қарқылдап бір ішеді.
Ал, періште қанаттана түседі...
Құдай болу неткен қиын іс еді!
1978