Өтті бір күн көгіңнен,
Көкжиектің қақпасынан өтті шақ.
Күншығыстан тебілген
үлкен қызыл доп құсап.

Бір күн өтті мақтаған
қақпашылар тұра алмады көлденең.
Бір доп өтті қақпадан,
есеп болды бір де – ноль.

Өзімізді жұбатып,
келеміз-ау әлсіздікке көндіріп.
Жеңгенде бұл уақыт,
жеңеді екен ноль қылып.

1978