Сталинград деп күнде
Жырлап еді-ау Неруда.
Сонда желдің өтінде
тұрған еді-ау Неруда.

Көкірек қой бұл ғасыр,
көкірегін көр міне:
ұлы ақынның тұлғасын
кіші санап кергіді.

Чили деп жыр арнадық,
жыр парағы жатыр мың.
Ара түсе алмадық
ажалына ақынның.

Жанарыма жас тайып,
жүрегім құр сыздады...
Тұрмыз бірақ қасқайып
жел өтінде біз-дағы.

1978