Иә, алыбым, тұрдың ба
Хақ жолына қасқайып?!
Құз ба алдың, құрдым ба –
анықтап бір тастайық:
мына жағың – терең ор,
мынау – айдын ақ тымық.
Уа, тәңірім, бере гөр
тек сәттілік, сәттілік!
Мына жағың – қасірет,
міне, жоқтық, жұт, қайғы.
Алдың – Хунта, басып от,
табаныңа жұқпайды.
Мынау көлің, тау әне...
Хунта-үкімет құрамы
сен жасаған ауаны
солар былғап тұр әлі.
Сен іздеген матаны
ол – шұлғау да етпейді.
Ол – мырғамға батады,
ал, саған нан жетпейді.
Бағы ма екен маңдайдың,
соры ма, әлде басқа ма:
Ол – сарайлар таңдайды,
ал, сенде жоқ баспана.
Ие, масқара, масқара!
Мінәжат қыл, мінәжат:
мына жағың – тас қамал,
қапас түрме – мына жақ.
Түрмені де сен салдың,
сарайды да сен салдың.
Тындырдым деп тамсандың,
ал тамсандың, қанша алдың?!
Сенде егес нан үшін,
Онда – дәулет гүрлеген.
Сарай салғаның үшін
Орын берді түрмеден.
Әлемге ісін танытып,
әлгі алып, денелі,
қорлық, азап қамытын
әлі тартып келеді.
Нақ осылай нар-халық
күн кешеді,
көп қайғы.
Кешқұрым тек зарланып
бір қымбатын жоқтайды...
1978, 1982