Қыз бұлақтар желпінген
жырымды оқып қазақтық,
Жеңіл сөйлеп, жел тілмен
жатқан сын-ды мазақ қып.
Кеудемді өбіп жыр қызған
сыбырлайд жел жақын кеп:
қолың жетпей бір қызға
қор болдың-ау ақын деп.
Үлде киіп үлбіреп
қайың-жеңгей әп-әппақ,
маған қарап күлді кеп
әппақ санын шапақтап.
Бұршақ ұрып жұтатқан
алма ағаш тұр ән салып.
Мені нұсқап бұтақтар
шошайтты көп саусағын.
Ал, мен болсам, қайғыдан,
арқаладым ұятты:
әр бағыттан айныған
әйленкес жел сияқты.
1970