Мөлдір, мөлдір, мөлдір кіл
шық төніп тұр, тамбай тұр.
Төніп-ақ тұр, төндіртіп
бір сөз айтшы алдайтын.

Мөлдір, мөлдір, көк мөлдір
шындық болып көмейін,
Шық секілді мөп-мөлдір
бір сөз айтшы – сенейін.

Тамба, тамшы, бірің де
дірілде тек, шүпір-шық.
Тамшы шықтай дірілдеп
бір сөз айт та бітірші.

Қаталдық та сезім бе?
бір тамшы шық жақұттай,
Көрінсе егер көзіңнен –
Мен өлер ем бақыттан!

1970