Ешкі айтыпты: «Қасқыр жауыз, келдің бе,
келдің ғой сен етімді бір емгің кеп.
Шаш қанымды, бат қызыққа, не тұрыс,
қу қолыңа түсе бермен мен күнде.
Жұлынымды үз, жілігімді кемік ет,
енді менде лақ та жоқ, желі жоқ.
Шарбымды жұт, шабытты арлан!»
Сорлы ешкі
бір маңырап, қоя берді еңіреп.
Қасқыр айтты: «Рақымет, қарындас,
қасқырлар да таңдап жейді барында ас.
Менің қарным – қарын емес,
қап деп пе ең?!
Ұялсаңшы дәрігерден, әптектен.
Ас жақпайтын боп жүр ішке,
оттай тұр,
шынымды айтсам, саған зауқым соқпай тұр».
1970