с тұрақтар!

ИТТЕР

Ол - қаңғыбас шаңына аунап
базардың,
Өз жарасын жалап жазды, тазарды
Тамағы оның - күнде жейтін таяғы,
Байлығы оның - ұрыс-қарғыс баяғы.
Үйі қайда?
Үйі - пішен ығында,
Соның өзін күзетеді ырылдап.

Сүйек таста: таласады, тартады,
Бірін-бірі талайтыны бар тағы.
Иттік деген ұғым үшін қырқысып,
Итаяқтың жұғыны үшін қырқысып, —
Қайтеді олар ұятыңды, арыңды?
жетіп жатыр бір алдаса қарынды!
Талау екен, тою екен кенеліп,—
Иттікпенен өмір сүру дегенің...

Ұр оларды: қорлануға үйренсін!
Қу оларды: арлануға үйренсін!

* * *

Қайғылы жол – қара жол жатыр сұлап жамбастап,
Қара жолға қарасаң: шегіне жан бармас та,
Қара шарқат төсінде, ашып тастап иықты,
Дір-дір етіп иығы мұздай жерге тиіп бір,
Жатыр сұлап арудай қайғы жаншып тастаған,
Жыртық үйде, түсінде, қалш-қалш етіп,
Масқара:
Ояна алмай булығып, — өлген доспен кез болып,
Бұрымы босап, жатқандай ұмыт
қылып өзгені.

ҒАЗАЛ

Түні бойы мен сені күттім, күттім — келмедің,
Шапағы алтын таңның сол сені күтті — келмедің.

Бірақ қанша қасірет шеккізсең де жүрекке,
Сол жүректің баспассың жалғыз сәтін дір еткен.

Күндіз сүйген жігітті қуғаным жоқ мен, тіпті,
Тек ол түнде талдардың арасында ентікті.

Ыңғайына олардың көнбесінші
махаббат,
Менен өзге сүюге сенбесінші махаббат!

Сенсіз жердің гүлінде, көктемінде не сән бар,
Жоғалдың сен көзімнен, дұшпандар, той жасаңдар.

Білсем еді шіркін-ай, кімдер үзді гүлімді...
Жел байғұстың қанаты тас төбемде жұлынды.

СЕНІҢ СҰЛУЛЫҒЫҢА

Ақыныңнан бір сәлем ажарына бетiннiн!
Сенің көркің дүниені сұлу еткен секілді.
Атқан таңда, сеніңіз, ақ жүзіңнің нұры бар,
Батқан күнде, сеніңіз, бал-жүзіңнің нұры бар.
Әппақ бетің алдымда айна құсап тұрады:
Галстугімді жөндеп, саған қарап қырынам.
Мына таудың қойнауы, сай-саласы бүтін бір
Бұрымыңнан құлаған көлеңкелер сықылды.
Ақыныңнан бір сәлем сенің сұлулығыңа,
Сен бар жерде төрт жағым бірдей менің құбыла.
Қан-күрең боп боялған саусағыңды қынамен,
Ғұмыр бойы ұстап мен бір орында тұрар ем!
Менің барлық бақытым: жанарында уақыттың;
Сенен тапқан бақытым: қасіретке татып тұр.
Бақыттымын сенімен, бақыттымын, не керек,
Сен жоқ болсаң бұдан да болар едім бақытты.

ГИМН

Сын-сагатта үйінен кiм безсе де, Отаным,
Сага еткені қастандық сол болады, Отаным,
Бір ұлынды даңқ жүтты,
Түрме жұтса біреуін,
Віді неге сүйініп, алданады Отаным?
Таң күлайды, Отаным! Тож тозады, Отаным
Тамыр жаttrан еменді гүл бөлейді, Отаным,
Тулап аққан тасқынды кім бөгейді, Отаным!
Қайратыңнан туады қатал аңыз, Отаным,
Шынжырды үзіп, түрмені қопарамыз, Отаным,
Қайда жүрсе әділдік — жеңіс сонда деседі,
Шүлғау етіп жау туын апарамыз, Отаным.
Қайтарармыз кекті біз, алармыз-ау есені,
Тек жүректер толғағы намыс тусын, Отаным!

ЖЫРЛА!

Жауыздықтың да орны бар,
Махаббат жәйлі жырлай түс,
Ұялсын қорқақ сорлылар -
Батырлық жәйлі жырлай түс.

Сараң байларға, бір мықты
Кедейлік жәйлі айта түс.
Өтірікшілерге,
Шындықтың
Қуаты жәйлі айта түс,

Құдайдан қорықса — ұйықтасын,
Қорықпайтынды жыр ет бір.
Құдіретімен ұйқастың,
Лүпілін жырла жүректің.

Жырлапсың, Файз, туғалы,
Жәмшид пен Фархад туралы!..

САУДАНЫҢ ІЗІМЕН

Керек пе ойлау, жоқ па әлде жасыл алқап туралы?
Керек пе ойлау, жоқ па әлде құс қайғысын тордағы?
Зұлым ойын жаулардың керек пе ашу,
жоқ па, әлде?
Сүйеміз бе сұлуды? —
Сүю оған көп пе, әлде? —
Бұ заманғы сұрақтың ең қиыны, досым-ай,
Көп «дананы» қинап жүр, дәл осылай, осылай.

Білер ме еді, шіркін-ай, шуылдаған жұрт қалың
Менің сорлы жырымды қай басымен
ұққанын!
Сүйген жарды жырлау ма, жырламау ма керегі?
Жазғы бақта самал да ойға қалып келеді:
ессем бе екен жел болып, еспесем бе дегелі.
Алқызыл гүл басы ауып біле алмай тұр:
Қалай да
Өссем бе екен сұлу боп, өспесем бе деп ойлап.

Жалғыз ғана бұлбұлдар күміс қоңырау-көмейлі:
Қайран әнім сендерге қор боп кетті демейді?!


***
Маған айтты біреулер: қайғы атаулының бәрі
байланысты сенімен, қайғылысың туғалы.
Аяғыңның тысыры, бұғауыңның сыңғыры
Жырлайтындай бәрі де тек қасірет туралы.
Бірақ соның барлығын шатыры мен түрменің,
Оның сызды төрт меңіреу қабырғасы тыңдады.

Маған айтты біреулер :Ай толғанда, тасқанда
Жарасады ол-дағы тас қараңғы аспанға.
Қан кешкенге жанымен, қан кешкенге киелі,
Қызылдығы шараптың ауру болып
тиеді.
Біздің «данышпандарға» жердің өзі — жер емес,
Әншейін бір қыңырлық, берекесіз ерегес!
Құстың әнін орманның қайғысы деп түсініп,
Шықты тағы бір суайт, шықты ғой бір «пысығың».

Түсін, Фаиз, әркім өз шамасынша жырлайды,
Ал, шын ақын дегенде қайғы болмай тұрмайды!

АВГУСТ, 1952 жыл

Қайда ғана қарама, аңқыл қағып
Аққан бұлақ қанаты жарқылдады.

Сарғыш тартып жапырақ кеткенімен,
Дала жатыр тыныс ап көктемімен.

Сайға құлап көлеңке, шыңдар қарлы
Менсінбей тұрған сын-ды бұл жалғанды.

Бір шаттықтан тұтанған жалынға ақыр
Жүректерде мың шырақ жанып жатыр.

Шаттан, баурым, бізді де өмір мына
қуанышқа салыпты шомылдыра.

Қойған сын-ды жылпостар оқша өтуді,
Залымдық та, түрме де жоқ секілді...

ОЙЫМ МЕНІҢ СЕН ЖӘЙЛІ

Жатсам-тұрсам бар ойым, Отан — ана, сен жәйлі,

Отаны бар жігітке ез болуға болмайды.
Әр тасында бір дұға, әр тасында қасиет, —
Назарыңды төмендет,