Суық жел соқты «Қиғаштан»,
Жас парлап екі көзімнен,
Қоштастым доспен қимастан
Аяулы жастық кезімнен.
Жеткізіп тілмен айта алман,
Ол ақын еді майталман.
Азаматтылығы да байқалған,
Көп сөзім бірге шайқалған.
Жанымды қайттім жазға ашқан,
Бөлімес кіммен қайғымды?
Аққұлар жұбын жазбастан
Сызады әппақ айдынды.
Көктем де қайта келіп тұр,
Табиғат тағы шалқиды.
Қыз емес,бейне – елік бір
Басқа құшақта балқиды.
Тереңге ойым шым батып,
Өртеніп өттім өзеннен.
Ештеңе етпен мұңға түк,
Қосаба – сақта! – кезеңнен.
Барады жаға бұлдырап,
Арғы беттегі кім екен?
Бір аунап түсіп шын, бірақ,
Күтеді әлі гүл мекен.
Өзіңді өзің танымау,
Қабырғама батады.
Қайтейін енді, жаным-ау,
Бізсіз де таңдаратады.
Асқақ ой тартса асқарлап,
Қараймын қырға қимастан.
Екі көзімнен жас парлап,
Суық жел соқты «Қиғаштан»...