дəнекер болды, сөйтіп, осы дəреже, осы атақ-абыройға жетуіне біршама үлес қосты. Профессионал спортшының менеджері сияқты еді. Тек сол ғана емес, Гүлжиһан Бексейітке
жақсы əйел дегеннің, ХХ ғасыр əйелі дегеннің не екенін танытқан-ды.
Лəззат... лəззат... лəззат... Жер үстіндегі ұжмақ... Қызығына адам баласы тіріде тоя ма. Алайда, əріптесінің (?) үнемі спорттық бабында болуын тілейтін Гүлжиһанның қатал
талабы соңғы кезде Бексейітті қажыта бастаған. Ретін тауып
командировкаға шығып қайтатын. Келісімен-ақ жастық жігер, жаңа күшпен өзінің зайыптық міндетін атқаруға кірісетін-ді». (29-бет). Бұ тəрізді оқушының бетін қызартатын
анайы тұстардан аяқ алып жүргісіз. Мұндай шығармалардың «Жалын» сықылды аузынан емшек сүті кеппеген сəби,
пəк баспасөзде көл-көсір боп жариялануы өкінішті-ақ.
Енді бір сөз Абайдың жаңадан табылды делінген ұзақ өлеңі хақында. Ұлы ақынның туғанына 125 жыл толуы қарсаңында аяқ астынан «табыла» кеткен бұл өлеңге аздап күмəн
айтуға болатын сияқты. Əрине, əдебиет тарихында Абайдай
ірі тұлғаның бойына кез келген жылтырақты жапсыра бергеннен сол бір ұлы адамның аруағы аспайды. Күмəн айтар
себебіміз де осы – Абайға жаңа өлеңді қимағандықтан емес,
кез келген жаңа өлеңге Абайды қимағандықтан болып отыр.
Рас, ғылым шындықты керек етеді. Əйткенмен, бір өлең
үшін (сол өлеңді Абай-ақ жазсын) бүкіл бір халықтың санасындағы асқақ бейнені аласарту обал секілді.
Болыстық қылса-дағы адам ғой, – деп,
Ескі закон бұларға жаман ғой, – деп...
Советник, аға-сұлтан, қазылыққа,
Жаратпайды қазақты надан ғой, – деп.
Нақ осы өлеңді Абайдың жазбағаны-ақ жақсы еді...
1) 1971-72 жылдардағы «Жалыннан» аңғарылатынбіржақсылық: аударма əдебиет. Андре Моруаның «Танатөс қонақ
үйі», Анджей Чеховскийдің «Ғаламат қаруы», О.Генридің,Назым Хикметтің, Əзиз Несиннің өлең, əңгімелері альманахқа əр беріп тұр. Алайда «Озық үлгілер» аталатын бұл
рубрика жиі-жиі үзіліп қап отырады екен. Альманахтың əр
санынан осындай қысқа үлгілерге орын беріп отырса теріс
болмас еді. Бұл оқушының əдебиетке, жалпы көркем ойға
деген талғамын арттыра түспек екенін ескерсе – мүмкіндік
толық бар.
2) Əдебиеттің үлкен салаларының бірі – сатира мен юморға орын тым аз тиген. Ү.Уəйдин, К.Əмірбековтың бірер «Көңіл ашарын» ғана атауға болады. Сатира мен юморды көңілашар деп қараудың өзі қате. Сатира – өмір, ол – шындық. Дүниеге əркімді бір қытықтап күлдіру үшін келген жанр емес.
3) 1971 жылы жарияланған сын мақалалардың сапасы
тым төмен, рецензия деңгейінде. Тереңнен толғап, тауып айтқан пікір жоқ. Бəрі талайдан айтылып, қызылы семген ойлар. Рецензия объектілерінің өзі ұсақ, мына жолдың ұйқасы
тəуір, ана жол мұндай емес секілді құйты жағдайлар. Немесе
біреудің он өлеңінің ішіндегі бір нашарын ұстап алып шенеп,
біреудің жүз өлеңінен бір сəтті жолды шығарып мадақтау тə-
різді баяғы кері кеткен теңгермешілік тенденциясы.
СОКП Орталық Комитетінің сын туралы қаулысына
орай, 1972 жылы альманах беті біраз жанданғанға ұсайды.
Бірақ, үңіліңкіреп қарағанда, бұ жайдың сыртқа жылтырақ
көрініс екенін мойындамасқа болмайды. Мəселен, Ə.Жəмішев, С.Əшімбаев, Б.Майтанов мақалалары шолу дəрежесінде ғана. Қазақ əдебиетінен бейхабар аудиторияға (ондай
аудитория табыла қойса) оқылатын беташар лекция сынды,
бізде мынандай-мынандай мүліктер бар деп, əр фамилияның
шетінен бір ұстап өте шығатын кəдімгі сыпырмағайым, тұрлаусыз дүниелер. Бірсыпыра əдебиетшілер əлі күнге сын дегенді біреуді төмпештеу не мадақтау ғып түсінетін сияқты.
Сынды шын мəніндегі əдебиет талдау, тану, ғылым дəрежесіне көтеретін уақыт жеткенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде
дəлелдеуді «Жалын» бетінен күтер ек.МАЗМҰНЫ
Кеңшілікұлы А. Қазақ поэзиясындағы ренессантық тұлға ............ 3