е де, кішіге де адал, жұрттың бəріне тілектес, қайырқом азамат:
Өзгелерден биікті қызғанбаймын,
Өзім шыққан биіктен құламаймын! –
деп өзі айтқандай, өнерде өз биігіне шығып кетіпті. Оның өз
биігінен құламайтыны да – ақиқат сөз. Өйткені əлдекімдер
сатылар жасап, қолтықтан сүйемелдеп шығарған биік емес
бұл, қарапайым талант иесінің, қатардағы еңбекқор азамат480
тың өзінің биігі, өзіне-өзі жасаған тұғыры. Жыр сүйгіш көпшілік қауымның жүрегіне бұл томның жол табары хақ. Бұл
жинақ Шамағаң қаламынан туған шығармаларды, əрине,
түгел қамтымайды. «Шабытты шақ» ақын творчествосына
жасалған алғашқы ілтипат қана. Сөз өнерін қадір тұтатын
жұртшылықтың ақын томдарымен əлі талай кездесетініне өз
басымның сенімім мол.