естіп жүрміз. Тоқшылық та! Міне, біздің бүгінгі мал бағу, сауу... жем де сұрамайды. Иін – бүтін, қол – таза.
Теңіз ауданының Қызылоба деген ауылында май зауыты
бар. Зауыт жусанды қоңыр төбенің басында. Арқа-батысы – бұрынғы көл табаны, сай. Сол сайдың түбі – əппақ. Бұл
не дегенімізде, ауыл азаматтары: «Маслопромның сүті ғой»
деп, теріс айналғандары бар. Сөйтсе, зауыт майын алып ап,
сүтті жерге төгеді екен. Қолға, жемге үйренген бірер сиырсыбыр болмаса – көк сүтті мал ішпейді десті. Міне, сізге мə-
селе!
Біз сегіз-он жасымыздан еңбекке араластық. Еңбеккүнге
айран жазатын. Майды ол кезде де айырып жүрді. Көк сүттен
ұйытқан айранды ұжымшар басшыларының қағазымен бөлуші еді. Тостағанға құйып қолымызға ұстатқанда, абайламай,
бірер ұрттамын төгіп алсақ, шешелеріміз: «көзің ағарғыр!»
деп қарғайтын... Бүгінгі май зауыты жанында əлгіндей ысырапты көргенде: «көзің ағарғырды» кімге айтарыңды білмей
күйеді екенсің! Біздің замандастарымыздың поэзияға: «Бала
бола алмадық, өтсек екен əке боп», (Қ.Мырзалиев) – деген468
тілекпен келгені сондықтан. Біз балаларымыздың «бала да,
əке де» бола алуын қалаймыз!
Жоғарыда келтірілген шумақтар жақсы ақындардың жақсы өлеңдерінен алынды. Кез келген таланттың əр тырнағы
астынан кір іздеп кіржіңдейтін кіділігіміз жоқ. Жұматай мен
Есенғалиға жылқы-түйені жырлама да демейміз. Жырла,
бірақ қалай жырлау керек, қандай мəн-мағына, қай түстен
астар сала жырлау керек, қазіргі ауыл тұрмысы Сіздің жазғандарыңызды өтірікке шығарып қоймай ма? Əңгіме осында
болып отыр. Əрбір топтамада, жыр жинағында, тіпті екі-үш
жылқы, екі-үш түйе жүрсе – сөз басқа. Жұматай мен Есенғали секілді қабілетті ақындардың ат пен түйе бүкіл образдық жүйелеріне айналар болса жəне сол жануарлар ұлттық
түр, бояу ғана емес, бүгінгі ауылдың көрініс-сипаты ретінде,
əрбір үш өлеңнің бірінде қайталана берсе – қынжылмай қалу
қиын.
Бесінде атты арқандап едім шалғынға, –
немесе:
Қара нардың қазығында
Қара бота айналады, –
дегендердің қазіргі қазақ даласы үшін типтік жайлар емес
екенін, əрі мұндай жолдардың тек сырттай ғана қызықтау,
Сұлтанмахмұтша айтқанда: «біздерде мынандай бар, мынандай бар» тəріздес жəйттер екенін жігіттер түсінер деп
ойлаймыз.
Ұлықбек Есдəулетов мал туралы былай жырлайды:
Ұранқай үйдей маяның
Іргесін үңгіп жепті мал,
Хайуанға берсең қалауын
Дүниені түгел жеп тынар.
(«Алтайдың алтын тамыры» кітабы).
Мұнда ешқандай арзан елігу, экзотика жоқ. Өмірдің өзі
сынды қарапайым. Əрі қатал. Еліктеу, солықтаудан ада, əде469
мілікпен əсер етем деген арзан пиғылдан сау. Ащы-ақ, бірақ
шындық. Расында, дүниенің бəрін қарнымен өлшейтін, тек
қарнымен ғана түсінетін хайуандар аз ба? Ұлықбектің тақырып ауқымы да кең. Егер кеңдік дегенді географиялық картамен өлшесек, ол – Алтайдан Сантьягоға дейін созылады:
Есіл ер,
Біздің Чилиде
Адал болу оңай ма?
Қиын ба?
(«Чили азаматтарының сөзі»).
Міне, бұл сұрақ. Сұрақтың көкесі.
Сорлады отаншыл отты өмір
Отаны өзіне түрме боп.
(«Түрме»).
Адам – адам болғалы «өз Отаны өзіне түрме» болудан өткен қасірет, одан өткен бақытсыздық болған емес!
Жалғанда ақын болған азап екен,
Елтігіш ақын жаны мазалы екен.
Дүниеден тазалықпен өтсем дейсің,
Қарашы, дүние өзі таза ма екен?!
(«Виктор Хара. Азап əні»).
Сырты қарапайым көрінгенімен жанып тұрған сөздер.
Кейбір тұстарда арзандау əрі қалауын таппай қалған өлең,
шумақтарды ақынның адалдығын, ашу-ызасының қоспасыздығын сыйлағандықтан кешіріп жібересің.
Алматы – Москва – Сантьяго...
Білемін, бұл маршрут ашылады!
Пабло, саған ұшады досың əлі.
Жібітер таңдайыңды сонда сенің
Қазақтың қымызы мен ашымалы.
Бəріміздің үмітіміз осы. Егер ақын аңсаған маршрут ашылып жатса – қазақтың қымызы мен ашымалы үшін ақынның
мақтануына хақы бар.470
Ұлықбек өлеңді өндіріп жазады. Қалайда ағаларына арнаған өлеңдерінің өзінен ақындық адал көңілдің сыры ашылады. Көңілшектік те жоқ емес. Осының бəрі жас жігіттің жақсы өсіп келе жатқанынан хабар береді.
Поэзия – ұшқыр жанр. Тез таралады, оқушыға етер əсері
де тез. Сол тез əсер тез ұмытылмау, жойылмау үшін өмірдің
ең бір қиын, ең бір күрделі проблемаларын көрсету жолында
ақындар атсалысады. Поэтикалық шығарма ұшқыр болса, тез
ұшса – жеңілдіктен ұшпайтыны өзінен өзі түсінікті. Өлеңнің
шын сарапшысы – уақыт. Ақынды да уақыт тудырады. Сонда
өлең де уақыттан тууы керек емес пе? «Жүректен тумаса – жүрекке жетпейді» деп Мырзалиев айтқандай, уақыттан тумаса – уақытқа жетпейді. Қазақ əдебиетінде аты мəлім ақындардың жақсы өлеңдеріндегі секілді, Ұлықбек өлеңдерінде əлгі
айтылған мезгілдік (маусымдық емес), əлеуметтік сипат бар.
АйдаладағыЧилихалқыкөргенəділетсіздіккетөзеалмайкүйіппісіп жүрген ақын біртүрлі жаныңа жақын сезіледі. Батпаққа
батып қалған машинасын шығара алмай əлдекім жан-терге
түсіп жатса, ал соның қасында еңгезердей біреу ештеңемен шаруасы жоқ, көбелек қанатының əдемілігін қызықтап, шөптен
шөпке секіріп жүрсе қайсысының қылығын дұрыс деп түсінер
едіңіз?! Əсемдікке құмарлық сыйлауға татитын-ақ сезім. Бірақ
алдымен батпақтағы машинаны шығару керек. Жұматай мен
Есенғалидың жақсы өлеңдерінің өзіне сын айтқанда, олардың
таланттарын не