Біздің ешқайсымыз да жаман жазғымыз келмейді. Амал
не, бізде осы күні не көп – жаман өлең көп: жаман өлеңді
жек көреміз, сөйте тұра өзіміз жаман өлең жазамыз. Неге бұлай? Неге біз жақсы жаза алмаймыз? Міне, əңгіме осында.
Соңғы кезде жазылған поэзия туралы, жастар – біздер туралы мақалаларда біздің əрқайсымыздың да талантсыз емес
екендігіміз айтылып жүр. Бұл, сөз жоқ, рас. Ендеше, тағы
да сұрақ. Өзіміз талантты екенбіз, өзіміз оқыған кісілерміз – жақсы шығарма жазу үшін тағы не керек? Енді тек қана
еңбек керек. Сонда іздену, оқу, үйрену – бəрі еңбектен шығады. Бұл – біз ашып отырған жаңалық емес, бұрыннан белгілі
жəй.
Біз еңбек туралы өлеңдер жазамыз, бірақ нашар жазамыз,
өйткені сол еңбек туралы өлеңнің өзіне еңбегіміз сіңбейді.
Бұл – бір. Енді Əбіш Кекілбаев айтқандай, дүние жүзі əдебиетінің озық үлгілерін оқымайды емеспіз, оқимыз. Бірақ
оқудың да оқуы бар. Бір мектептен бір сыныпты бір жылда
бітіріп шыққан көп шəкірттің білім дəрежесінің əртүрлілігі
сықылды біз де əртүрліміз.
Біреулеріміз, мəселен, А. Вознесенскийді керемет ақын
дейміз. Несімен керемет – ол жағын ойлана бермейміз. Енді
біреулері: сонда (Вознесенскийде) не мықтылық бар, əншейін дақпырт та, əйтпесе мұндай өлеңдерді қарапайым қай
оқушы түсінеді дегенді де қойып қалады. Тіпті қате пікір.
Мұны не ақын не жазушы айтты деуге ұят. Мұндайлар көп
емес, əрине, бірақ бар. Бұл əдеби талғамның əлсіздігін, творчестволық ауқымның тым тарлығын көрсетеді.
Біздің кейде «Жақсы шығарма жазылса – жанымыз садаға, оны жақтамайтын қайсымыз бар» деп отырып, сол жақсы
шығарма машинкаға басылып, алдымызға келгенде танымай
қалатынымыз да сондықтан. Мұны біз өткенде бір жас ақынның өлеңдерін көркем əдебиет баспасында талқылау үстінде анық байқадық. Əрине, бұл да біздің жаман жазуымызға
қырсығын тигізетін факт. Бұл – екі.
Бүгінгі поэзия сынында ақын өлеңінің жақсы екенін айту
үшін сыншылар: «құйылып тұр», «төгіліп тұр», «сорғалап
тұр» деген секілді тіркестерді көп қолданып жүр. Əрине,473
бұл жақсы тіркестер, егер өлең соған шынымен жауап берсе.
Амал не, ал олай болмай шығады көбіне. «Құйылып» тұрған
өлеңнің тек ұйқасы, ырғағы жəне біраз жылтырақ сөздер.
Оған қоса жалған пафос, өтірік қуаныш немесе «күйдім»,
«сүйдімдер» мен «мынауыңызды маған бер, анауыңызды маған бер, табиғат!» деген секілді тілемсек жолдар тұрады. Бұл,
əрине, шын жақсы өлең бола алмайды. Дегенмен, сыншының сөзі жұртқа қатты əсер етеді. Ақындар енді «құйылып»
жазуға барынша тырысады. Осыдан келіп, ақын өз қаламының жорғасымен «төгілтеді». Ол төгілу қашанға барады? Төгілемін деп шашылып, құйыламын деп «сұйылып», ақыры
жоқ болады. Сонсоң ол өлеңді қатты ойланып, тебіреніп,
тіпті бас қатырып жазу керек екенін ұмытады. Ақынның ғажайып сырға, ойға, жұмбақ сезімдерге, неше түсті бояуларға
толы лабораториясы қаңырап бос қалады.
Таусылмайтын қазына бола ма – егер оны ылғи толықтырып отырмаса. Ол үшін тағы да еңбек ету керек, шындап
қиналу, қайғыру керек, сонсоң барып қуансақ – ол баянды
болмақ.
Міне, жоғарыда айтылған төкпелікті дəріптеудің тигізетін қырсығы, біздің ойлауымызша, осындай. Əрине, біз ең
кейінгі жастар бос, жалтырақ, көз алдайтын құрғақ əсемдіктен, теңеу үшін өлең жазу ауруынан айыға бастадық, бірақ
сауыққанымыз жоқ.
Біздің көркем əдебиет баспасының басшылары, т.б. кейбір көркем өнер қызметкерлері: «Осы күнде ақындар көбейіп
кетті, олардың бəрінің бірдей кітабын қайтіп шығарамыз», –
деп уайым айтады. Бұл – дұрыс емес. Керісінше, бізде ақындар өте аз. Оларды санауға «бір қолдың саусақтары» жетеді.
Алəдебиеттіжағалапжүргенжайақынсымақтар,жазушы-сымақтар санауға бір қолдың саусағы түгіл, бір бастың шашы
да жетпес. Неге бұлай? Біз талантты ақындарды, үлкен ақын
шығады деген адамдардың кітаптарын басып, қалған ағайындарды қоя тұрсақ болмас па? Жоқ, болмайды! Себеп? Себеп
сол – баспада қағаз жетпейді, ақша жетпейді дегенді көп айтып жүр. Бұл жай сылтау емес, шындық. Өйткені баспаның
қағазы жаңағыдай жаман, тіпті ештеңесі жоқ кітаптарды басуға кетеді. Сонсоң біздің үлкен ағаларымыздың жуан-жуан
томдары бар жəне бір жазған шығармаларын олар бірнеше474
рет өңделген деген желеумен өңдеген сайын қайта бастырады. Оған қағаз кете ме – кетеді, ақша кете ме – сөз жоқ.
Міне, сондықтан біздің жас ақындар: Тұрсынзада Есімжанов, Құдаш Мұқашев, Қастек Баянбаев, Мұқағали Мақатаев
сияқты бірнеше талапты жастардың жинақтарын басу – баспа үшін үлкен шығын болып көрінеді.
Біз – жастар, кейінгі кезде «жаман ырым» бастап, үлкен
жазушыларға, ағаларымызға өкпе айтып жүрміз. Өкпелегенде «біз бір керемет талант едік – танымадыңыз, жүйрік едік –
бəйге бермедіңіз» демейміз. Өйткені, жоғарыда айтылғандай,
өзімізде де қиратып салған ештеңе жоқ. Болған күнде де біздің алдымызда Əбділданың, Хамиттің, Сырбайдың шыққан
биіктері тұр. Оны біз көріп отырмыз. Ендеше олар болу үшін
(егер бола алсақ) бізге көптеген жылдар керек қой.
Əйтсе де біздің өкпеміздің жөні бар секілді. Солардың
қайсысы біздің шығармамыз туралы пікір айтты екен? Айтса
кейбір жас ақындардың көп арақ ішетіндігін, аздап мас болатындығын ай