толтырылған. Жас Жұмекеннің қолтаңбасы. Екеуі 25 қараша күні, үшіншісі 2 желтоқсан 1955 жылы жазылған. Ақынның сол кездегі қол қою ерекшелігі көрінеді. Өзінің және атасының атына қосып әкесінің де есімін белгілеп қол қойған. Екі құжатта домбырашы екендігін көрсеткен. Хорда өлең айтатыны жазылған. 1955 жылдан кәсіподақ мүшесі. Көркемөнерпаздар үйірмесіне 1953 жылдан қатысқанын хабарлайды. Тұрғын мекені - 33/34 шахтаның нөмір үшінші интернаты. Қызметі - көмір қабатын бекітуші. Кейін қазақтың қара өлеңінің қабырғасын бекітушілік өнер қызметі осы шахтерлердің ең бір қауіпті саналатын мамандығынан басталған. Мұрағатта Жұмекенмен бірге ансамбліге қатысқан шахтелердің анкеталары тіркеулі. Нөмір 33/34 шахтадан: Абажатов Кажмурат Кусаинович, 1936 ж.т., интернат – 3, бөлме - 6, Абраимов Алмас, 1935 ж.т., интернат - 1, Баишев Баяхмет Баишевич, 1935 ж.т., интернат - 3, Мыктыбаева Амина Кишкенбаевна, 1936 ж.т., Мажиханов Шамет, 1935 ж.т., интернат - 1, Сартаев Айтбай Байменович, 1935 ж.т., интернат – 1, Сулейманова Майя, 1925 ж.т. Ансабльде тәртіп қатал болған, негізгі жұмысына бармай, еріншектікке салынған адамды кеншілер мәдениет сарайы директоры Е.Л.Пелещук, дайындықтың жауапты уәкілі, бұйрығымен ансамбль құрамынан шығарып жіберіп отырған. Осы деректен шахтерлер негізгі жұмысынан босатылмай жұмыстан бос уақыттарында ансамбльге қатысуға тиісті болғаны көрінеді. Мұрағаттағы деректерге сәйкес хорға қатысатын ер-азаматтарға 28 қазақтың ұлттық киімін тіктірген, шалбар, камзол, бөрік. Жұмекеннің киімі: 48 пішін, 2-бойлы. Хормейстірді Алматыдан өнер шебері ретінде самолетпен алдырған. Құжаттарда Жұмекенді хорда біресе баспен, бірде тенор дауыспен қатысады деп жазылған. Ансамбльдің киімін Алматыда арнайы тапсырыспен тіктірген. Астанадан кәсіби балетмейстер шақырылған. Кәсіподақтың Орталық комитеті сұралған 60 мың сомның орнына 28460 сом қаражат ансамбльге бөлген. Мұрағатта сақталған істен ансамбльді дайындауға кететін қаражаттың сметасы табылды. Ең қызығы қарапайым бухгалтерлік есеп–қисап қағазында Қарағандылық кеншілердің ән-би ансамблінің Москва қаласында өтетін байқаудың қорытынды бөлігінде өнер көрсететіндігі алдын ала жазылып қойылған. Өздеріне, өнерлеріне сенімді болған ба, әлде жоғарғы жақпен келісім солай болған ба? Екіншісі болса, ондай келісім сөзді Көмір бассейнінің бастығы, Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің сол кездегі депутаты Иноземцев пен бірге кеншілердің кәсіподағының басшысы Кенжин Әукебай жүргізген сыңайлы. Қалай болса да, Мәскеуге сөзсіз баратындықтары анық болған. Көркемдік жетекші мұғалімдер училищесінің ұстазы В.Е.Кепп. Мәскеуден бұрын дайындық байқауын комиссиямен қабылдаған, комиссияның төрағасы облыстық кәсіподақ ұйымының хатшысы А.Пирибинус. Сол сапарда кеншілер ансамблі қандай репертуармен қатысқанындығын анықтайтын деректер мұрағатқа тапсырылмапты, бүкіл тізімді толық анықтай алмадық. Алайда, Қарағандыда шығатын «Комсомолец Караганды» дейтін газеттің 1956 жылғы 14 февраль, нөмір 20/1255/ санынан байқауда орындалатын туындылардың кейбірін таптық. Байқауға қатысуға бара жатқан адамның мақаласына сәйкес Мәскеуде Мұқан Төлебаевтің «Бақыт» және «Шахтерлер әні», халық әні «Қараторғай» орындалатындығы айтылған. Жұмекен өзі кенші болған кезінде ән салғанын өлеңінде жазған. Осы газеттегі мақала Нәсіп апайдың Жұмекен Мәскеуде «Қараторғай» әнін айтқаны жайлы деректі дәлелдейді. Жұмекеннің Қарағандыда 1956 жылдары түскен суретінде костюм өңірінде бір белгі - значоктің тағулы тұрғаны байқалады. Бүкілодақтық өнер жарысына қатысып, жеңіп шыққан көркемөнерпаздарға байқаудың арнайы белгісі табыс етілген. Өңірге тағылатын белгіде алтын түсті дәні пісіп толысқан бидай масағының бейнесі бар. Сол белгіні біз Қарағанды қаласындағы өлкетану мұражайынан байқауға қатысқан В.Ф.Ипатованың, кейін Қазақ ССР еңбек сіңірген артисі, жеке қорынан таптық. Мамандарға көрсеткенде олар Жұмекеннің өңіріндегі белгінің нақты сол белгі екенін растады. Осындай бір бірінен тәуелсіз, бейтарап дерек көздері арқылы Жұмекен ансамбль құрамында Мәскеуге барып, өнер көрсеткені дәлелденді. Мақалада Мәскеуге 105 кісі аттанғанын жазған. Мәскеуге ансамбльмен бірге мына адамдар да барған: А.Рахишев, В.Брайковская, Т.Досболдинов, З.Байсеитов. Теміржолдық билеттерді тапсыру тізімінде Жұмекен көрсетілген, билеттің бағасы – бір мың сом. Кейбіреулер тіпті отбасының мүшелерін ала кеткен. Байқауға қатысушы М.Петрусевич - біз Қарағандылықтар қорытынды концертте XX- съезд делегаттарының алдында Одақтар Үйінде өнер көрсеттік деп мақтанышпен жазған. «Бұндайды ешқашанда ұмытпайсың» деп жазыпты. Мақтанса мақтанарлық оқиға. Алып империяның салтанаты асқан, аса бай, көркем сарайында дәуірі жүріп тұрған өңкей ығай мен сығай алдына шығып өнер көрсетуде оңайға түспеген. Бүкілодақтық «Труд» газетінің 1956 жыл 8 ақпан күнгі нөмір 32/10679/ санында «Кәсіпкерлер Одағының Бүкілодақтық Орталық Кеңесінің бұқаралық мәдениет бөлімінің басқарушысы Ивановтің баспасөзге берген сұхбатында кеңестер елінде 130 мыңнан аса көркемөнерпаздар ұжымы барлығы, онда 3 миллионнан аса ад