қуып шықты, ал, бірі,
Ағашқа ұсап тамырынан үзілген
қурағанның көрдім неше жүзін мен.

О, тағдырдың әмірі,
тамыр біткен әлі жомарт, әлі ірі:
жапырағым көрінсін деп бас құрап,
бұталарым көктесін деп жақсырақ,
бірлік үшін бірі-біріне күш қосып,
тірлік үшін жатыр әлі тамырлар
топырақтармен тістесіп.
Ербеңдейді ерке бұта көкке өрлеп,
жапырағы көкпеңбек-ау көкпеңбек.
Жапырақ та мәз: қайың, емен дегенге,
кім нәр берді сол қайыңға, еменге? –
Оны ойлаған жоқ ешкім,
мен де осыған бас қатырған емеспін.
Себеп: тамыр көрінбейді – тереңде.
Жапырақ – ерке, бұтақ қағад құр бұлаң,
бұлаларды көрсем шаршап-бұрлығам.
Ұран мынау: жапырақ пен бұтаға
қарау керек гуманистік тұрғыдан!

Қайыр айтты:

Ғұмыр деген сандырақ,
жапырағың өспесе егер жалбырап.
Ойға – түйсік,
бойға қайда күш-қайрат,
шөп сылдырап,
тұрмаса егер құс сайрап!

Ал, мен айтам:
Буын-күшім, дәрменім –
желкілдеген бес бұтағым бар менің.
Жел ескенде жапырағым – желігім
болмаса егер, көріп жатыр мені кім!
Мен – тамырмын,
бір бұтамды жұрт алды,
балта кесті тағы да бір бұтамды.
Қалған бұтақтарым үшін нәр табам,
бұтағы аман болса ағаштың халқы аман.
Жапырағымның арқасында мені тамыр атайды,
топырағымның арқасында мені тамыр атайды.
Мен де атаймын,
кімсің десе – топырағымды атаймын,
желкілдеген жапырағымды атаймын,
Содан шығар:
қаққаныммен аңқалаң
әлі, әлі де аман келем балтадан!

Жапырақтар қанша салсын өрнегін,
гүл де – жапырақ,
өссін жерге қанша гүл,
топырақты көрмедім мен тоқсынған,
тамырлардың ісінгенін көрмедім,
табиғаттың шын мінезі бұ да өзі –
асыраушының мінезі.
Кейде табиғаттың да
баспайды екен оңға ісі:
тану қиын не пиғылын, не бетін.
Кей жігіттің бидай сын-ды болмысы,
суға тойса – бөртіп шыға келетін.

* * *
Қазір көктем.
Мазасыздай тау іші,
тау суының келеді алыс дауысы.
Анау жақтан жел ұрады ызғырық –
жатқан сын-ды, қарлар құлап, мұз жүріп,
президенттер,
парламенттер ауысып.
Жарқырап тұр бірақ, әне, қала үсті,
бір алаңнан түтінге ұқсас шаң ұшты.
Мұржаларың ұсақ екен,
жас қала,
пейлің де ұсақ боп жүрмесін, масқара?!
Бір мұржадан түтін шықты әлгі ұсақ,
Ғарифолла шырқап салған ән құсап.
Тек, тау жақтың таза табиғаты шын,
қараңдаршы: тау бұлтының жатысын!
Найза-қара атылардай бір ырғып,
тұрған бойы: батылдық пен қыңырлық.
Қайыр қарт та қыңыр кісі бір сұмдық,
шындық десе – шымыр кісі бір сұмдық.
Қырсық кісі – көтермейді “былшылды”
қырсығыңнан айналайын, шыншылдық!
Беті-жүзі күлдіреген үсіге,
сұсты-ақ адам тік қараса кісіге.
Сұр бөстекке шөгіп алып сексен боп,
қабағын сәл көтеретін қабарып:
“тамырыңды көрсет!” дейтін қадалып,
кетсе біреу әлдеқалай көп сөйлеп.
Сөйтіп, киіп кетуші еді төтеден –
бет-пердеңді көтер дегені екен ол.
қарияның әлгі сын-ды “әмірін”,
келе-келе, көре-көре таныдым.
Дәрігерше басып көреді екен ол
Сөз шындығын – ойдың күре тамырын.
Сөйлеп кетсе өзі егер
жоқ, дейтін жұрт, шебер түк,
тек әлгіндей бір талаппен, бір сөзбен
қатырады екен, дейтін, көгертіп.
Кеңескендер қарттың кесірлігінен
не түңіліп жеңілетін, не қорқып,
Қайрекеңнің қылығына қарап, әр
деуші еді жұрт: талай сақал ағарар.
Әр көңілге күдік салып отырып,
ауырсынар секілді еді өтірік,
жаудан жалғыз қайтқан ердей жарадар.
“Тамырыңды көрсет!” деген сөз жалғыз
“Өтірікті қой!” дегенге бара-бар
естілетін:
Солай ма, әлде, басқа ма –
бәрібір ғой, салақ жұртқа масқара.
Қартты әйтеуір бір көндіру күш болып,
талай шалдар өшігетін тістеніп.
Қорқатұғын сықылды еді ел сонда одан,
“Қорқақ!” деуші ем, ылғи қорқақ, оңбаған!”
Со бір “қорқақ” қариялар кіл бұққан
Қорыққан екен шындықтан!
Неткен асыл сезім бұл,
асыл-асыл сезімді
сезінуден қалдың ба, дос, – өзің біл!
Уытты еді менің әзіл-келекем,
Қайырдың да құдіреті сол екен.
Кері шалып, кекесінді тілменен,
“Қорқақтарға” талай мәрте күлген ем –
енді күлмен, о, үндемен, үндемен!
Сыйлау екен қорқудың да түпкі үні,
құдірет тұту екен және мықтыны.
Жалғыз жылтыр сөзін бұлдап сатқан мың
арасында өңкей жарамсақтардың
көрген күннің болмайды екен түк құны.
Тамырға ұқсас
атағы жоқ зор тағы
мықтылықтан – мықты ғана қорқады.
Ал, осалдар, осалдар
танымайды асқар Алатауды да,
Сәйкес келіп жатпаса егер қаулыға.
Ескішілдеу,
өкпелегіш,
қуанғыш,
“қорқақ”
қарттар, саған, саған мың алғыс,
Қырандарға қоқимағаның үшін,
Күйкентайлар, саған да алғыс, мың алғыс!
Әлін білсе – қорқақтың да жаны асыл,
қайтер едің білмесе егер шамасын?!
Мультфильм:
қоян болды бір күні ер,
о, табиғат, тым құрыса күлкі бер:
көк есекпен салды тұлпар-ат дүбір,
жолбарысты мысық талап жатты бір,
Қабыланға жөн көрсетті түлкілер.
Ұқсағысы келді ме екен бұ да аңға –
саршұнақтар шаңқылдады қыранға.
Неменеңе мәз боласың, досым, ал
біздің хал де кейде ұқсайды осыған,
табиғаттың заңы өзгеріп кеткен бе:
бәрі көктемеуші ме еді көктемде?!
Заман жақсы, қанағат қой, қанағат,
әттең мынау... әпермей ме жаманат:
бір бұта – көк, бірі қурап солған да –
өзге түгіл, қарайтұғын болған ба
Күннің көзі де айналаға алалап?!

6
Жоқ! Табиғат бәз-баяғы қалпынд