с,
Көкте күн күлімдейді,
нұр құйылуы үшін де жерге көктен,
табиғат та шығар-ау еңбек еткен, –
бірақ оның еңбегі білінбейді:
бала-балғын бұтаның басында асыл
жабуы үшін жапырақ жасыл-жасыл,
шөптер ішіп ышықтан сусын құрап,
жел есуі үшін де,
су сылдырап
ағуы үшін сайлармен,
түзде құсы
жүруі үшін сол судан іздеп ішіп,
өсуі үшін көк тасқа мүк түнеріп,
болуы үшін тамырдың мықты-берік –
айтуы үшін осыны тілім менің
кім біледі, қанша еңбек сіңіргенін?!
Кім біледі...
не керек қуып ойлап,
тауым куә бәріне, суым айғақ:
асырадың-ау сен мені жуындыңмен –
талай жайдан безіндім, суындым мен,
еңбекке деген пейілім суымайды-ақ.
Еңбек ете білгендер, мұңаймаңыз:
теңізді тінт,
бұлтты сөк,
мұнайды ағыз!
Еңбек еткен бабамыз – құдай нағыз,
құдай жайлы сондықтан ұнайды аңыз.
Сонсоң, сонсоң ұнайды мына маған
ердің ісі ерге де ұнамаған.
Құдайлардың құдайы – халық, халық,
халықты аңыз етуден жалықпалық!
Бағын талай аңыздың араладық,
халық барда аңыз да қалады анық
Құдай ойлап шығарып мұңайғанда,
сол өздері тудырған құдайларға
құлдық ұрған өздері бала-халық!
Халық көсем деп қарап, екі араны
құдай – пәнде деп бөлмен шекараны:
халқым адал, аман бол, сен аман бол.
ал, құдайлар келер де, кетер әлі!