махаббатқа
келген кезде тұрақты, тұрақтырақ,
Әуен жасау емес бұл құрап-құрап,
рас, әуес дыбыс-үнге кейде кісі
қызыл тілдің келгенде сөйлегісі;
ашылғысы келгенде жаңа гүлі
тікеннің де тілегі болады ұлы!
Прометейдің тілегін тілеген ел,
Гомер болып арнапты бірер өлең...
Мылжыңдыққа айналды ел даналығы,
Сүйген көңілден асқан мылжың бар ма,
Прометей – жігіт қой,
өзі мықты
бір жан-ашыр бар деп ел сезініпті.
Жаудырыпты ілкіде көп те алғысты,
махаббат – от,
ал, алғыс оттан да ыстық,
жұрт алғысы сол шығар: тез ұмытты.
Қайраттылар ісінің ұлы мәні
бағаланған, бағынтқан күні кәне!
Тегін жақсылықтарға дәнігу ме,
жұрт дәмелі тегіннен әлі күнге,
тегін отқа жұрт әлі жылынады.
Ақ мәрмардан қашалса сүгіреті
сірә да емес құдайлық құдіреті,
бір алыпқа өшігіп алғаны үшін
Зевстің де тарихта қалған ісі –
аңыз келед, – жол ұзақ, – жортып, қалғып...
қаһарымен хақтың тек қорқытқан жұрт
әлдекімді келгенде алдағысы.
Сөйлейміз де құдайға қарсы амалдап,
күнге қарап күлеміз арсалаңдап.
Отқа қарап жанамыз соғысарда,
Не бір соққы берерде тоғышарға;
аң қағамыз Абайша қан-сонарда,
не бір жайға таң болып, тамсанарда,
күнге қарап аламыз ән саларда,
не бір жылу сағынып-аңсағанда
Прометей есімін еске аламыз,
салақ жұртпыз әйтпесе масқара біз.
Жетіп жатыр тағы да басқа шаруа,
толып жатыр басқа жыр, басқа да аңыз.
Дүниеде аңыз көп,
менің үшін
Прометей жайлы аңыз ең ұлысы:
пенденің хақпен алғаш қақтығысы,
тұңғыш мәрте қате боп хақтың ісі –
алғаш мәрте аспанның жеңілісі.
Жеңілді хақ соққыдан сол алғашқы-ақ,
Тек атағын алды әрең жамап-жасқап.
Содан бастап көп ұғым оңалмасқа
кетті дейді;
қызылдар жеңді дейді содан бастап.
Құдіреттің құлады тегі мәні,
жеңді адамдар,
келеді жеңіп әлі.
Қорқытатын көк жақтан төгіп айбын,
ал, біз үшін жоғы – әйбат со құдайдың!

* * *
Қорқыту ед оның да бір амалы,
қорықпайтын болды адам бұдан әрі.
Сол-ақ шығар туының құлағаны –
жазалаудың орнына кінәлады:
о да әлсіздік белгісі,
аянышты-ақ
сүт сұраған секілді аяқ ұстап.
Адам, адамнан сұра қайырымды,
бірақ көп жан қайырымнан айырылды.
Құдай, құдай деп қойып құран сатқан
сақтан бірақ сатқыннан сұрамсақтан!
Мынау артық, деп қойып, мынау ағат:
ал, ол қағын, адамзат, күнәңа бат.
Құдай жоқта алмайды бақсы да алдай,
құдайы жоқ тіршілік жақсы қандай!
Қане, адамдар, біріңді бірің алда,
еңбек үшін бәйге бер ұрыларға:
әрбір ұры құдайдан “кек алады”,
ұрлық та еңбек сондықтан, өнер әрі.
Кейбір ескі ғұрыпты қимағанмен,
өнер, еңбек дегенді сыйлаған жөн!
Қорғасын-оқ құдайың,
не бар басқа,
қорқа-қорқа болып ең адам қасқа.
Тұмсығың сүрт тозақпен,
Ет ұстаған
дүкеншімен бірақ та жамандаспа.
“құдайға кім қараса” – қатыр аштан,
арғымаққа су жұтқыз бақыраштан.
“О дүние” жоқ, жұмақ жоқ,
жоқ тәңірі,
көптен асқан құдай жоқ,
топтан ірі –
кең болмасақ, жарамас мол болмасақ,
молдықтың шын белгісі: қолдан жасап
алдық бәрін, бәр-бәрін,
бұ да әйгілі:
ұлы болмай қалды енді былайғы ұлы.
Қайрат болып бітеді маған да әр күн –
жаса,
жаса,
жасай гөр, адамдардың
Прометейден басталған құдайлығы!
Ескі ұғымдар, ескірген кескінің бар,
Бірақ кейде керексің, ескі ұғымдар:
құдай жоқ қой
– емес бұл жаңалығым,
бірақ “құдайсыз” – деген жаман ұғым.
Мәселен, көрсетті Дін көнелігін,
бірақ жаман дінсіздік деген ұғым.
Құдай керек сондықтан!
Мұны ойласақ
Болмайтұғын сықылды мұңаймасақ.
Сайтандарға сиынбау үшін бүгін
алайықшы бір ұлы құдай жасап!

* * *
Ал, Олимп-тау басында әлі мұз бар,
қайдан көшіп үлгерсін қалың ызғар:
зорлық екен Зевстің күш дегені,
тәңір ісі емес екен істегені –
сақалымен бұлт қуып далбағайлап,
періштені сайтанға салған айдап.
Көп құдайдың бірі өлшеп, бірі пішіп
храмдарға құлқындар құрып ішіп,
таласады екен дейді таңға жақын
құдайлар мен құдайлар қырылысып.
Тәңірия-әйелдер бар тағы да,
қашып тиіпті олар да қалталыға.
Қатынға Хақ қаттылық ете алмаған,
ал, сен күйіп-пісесің бекерге, адам.
Бір-бірімен әйелдер бақ таласып,
Шаштан алып бір-бірін жатқан асып.

Тігіншіге барарда – ұрланады,
Бірі-бірінің көйлегін күндеп әрі
Көзге мақтап,
Көз тайса – құр жамандап,
күңк-күңк сөйлеп, күліскен ыржалаңдап.
Көздері әттең әдемі ед, қап–қара, әне,
бір жалт етсе – ерлер мәз болып қалады.
Бірі-бірінің ертеде мықтап ішін,
Бірі – өседі Гефестпен жұтқаны үшін,
Аполлонды бірі атап мақтанады,
Шампан емес, тек одан ыза атылған!
Гомер айтты: сенеміз біз ақынға:
сұлулығын, жоғалтпай қыз атын да
Елена талай мәрте ұзатылған.
Есек! Деді бір құдай бір құдайға –
Миын тесіп қарайын, бұрғы қайда?!
Тәңірия-Шолпан бір қызық құдай:
кірпігімен қарапты сүзіп былай,
сол қарасы қалса егер жігітке ұнай,
жігіт түгіл тау тасы жібіпті ұдай.
Үрей болса – махаббат азабы үрей –
еңбек етпесе – алла да азады ғой:
ойлағаны – бір ұнау,
қалай ұнау –
сондай құдай бола ма, ағайын-ау?!
Құдайдың түрі сол,
адамы, әне,
таңдағаннан таусылып бар амалы,
өшігеді,
өледі,
қаналады.

* * *
Көңлі сенгіш, ақ, адал пейілі бар
халық байғұс бәрін де кейін ұғар.
Адамзат жас,
соны ұққан жасамы