– қас қағым ғой,
Бос жібермей бақ оны,
Ал, қас қағым ойшыл үшін –
Бір ғасырдың әлемі.

Дүниені билеп тұрған патша Ескендір, бір күні
Бар әлемнен айырылды,
Айқасты да кірпігі.
Айдай әлем алдында ол да
Сұлап түсіп жатыпты-ау –
Бар дүниені сатар еді ол тірлік – уақытқа!

Осылайша өткен бәрі ерте келіп, кеш келіп,
Олар жәйлі айтады енді –
Музейлер мен естелік.
Достар кетті,
Жол дайын тұр – кетеміз ғой біз де енді
Қалғандарға аманат қып естелік пен музейді.
Бізден соң да бәйшешектер гүл ашады
бақшада, –
Жиылар жұрт шарап алып жарытусыз ақшаға.
Бұл дүниеге сұқтана кеп қарай берме,
достарым,
Мына жатқан сұлулыққа болмаса өз
қосқаның.
Жас қабырдың топырағы,
Жапқан кезде денеңді,
Онсыз-дағы атайды жұрт
Мәңгі-бақи сені өлді.

Сақта арыңды, күйкі тірлік
Күйбеңінен қаш әрі,
Жұртқа қылған қиянатың қара тас
боп басады.
Ширазға оңай соғу жолдан
Шықшы былай бұрылып –
Тым құрыса дем аласың,
Аласың ғой жуынып!

Күнәкәр жан!
Көзіңді аш, сез көңіл,
Аздан кейін аттанасың –
Өзге жер ол, өзге өмір!

Көздің жасын қанша бұлдап
Төксең де сен ағызып,
Күнәң шықса –
Боласың сен тамұққа бір тамыздық.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

КІТАПТЫҢ БІТУІ ТУРАЛЫ

Қайыршы айтты: «Бұл дүниеде қайғы
көп»;
Содан кейін алақанын жайды кеп:
«О, жасаған, барың болса – бер маған,
Өзің едің осы мені қорлаған.
Көрсет маған «ақ жолыңды» тілеулі, –
Тым құрыса тонайын мен біреуді!»
Мен де осынау қайыршыдай қол жаям,
Кеш қалсам да сыбаға мен олжадан.

* * *
Қырсығы ма, әлде ақынның бағы ма,
Үміттенем, тағы тағы... тағы да...
Қандай қиын өлеріңді болжаған,
Соны біліп тірі жүрсең – сол жаман.
Мен тірімін, енді аз көрер азабым,
Сондықтан да деп ем мықтап жазайын.
Амал қанша, жаздым білем осалдау,
Кейбір сөзім болып шықты бос алдау,
Ақынмын ғой әйтсе де мен – шүкірмін,
Бір кітапты ептеп-септеп бітірдім.
Не сұрасам болар екен «Құдайдан»,
Мынау екі қара көзбен мұңайған?
«Кешір, кешір мені, Құдай Тағала,
Содан кейін... осы еңбекті бағала!»

МАЗМҰНЫ

Бірінші тарау. Әдемілік пен ақылдылық туралы
Екінші тарау. Қайырымдылық туралы
Үшінші тарау. Махаббат туралы
Төртінші тарау. Сыпайылық туралы
Бесінші тарау. Өз тағдырыңа ризашылық туралы
Алтыншы тарау. Азға қанағат ету туралы
Жетінші тарау. Тәрбие туралы
Сегізінші тарау. Аман-саулық үшін алғыс айту туралы
Тоғызыншы тарау. Өкініш және ақылды өмір кешу туралы
Оныншы тарау. Кітаптың бітуі туралы


1