керіп менен мықты кім бар деп,
Құдайын да есіне алмай тұрған көп.
Көкірек пен сөзде емес қой ұлылық,
Адамдықтан өзге емес қой ұлылық.
Ұлылық тек сыпайыға тұрақтар,
Үйткені оның көңілінде өшпес шырақ бар.
Кім өзінше келсе ұлы болғысы,
Ұлы болып жарытпайды ол кісі.
Ол тек қана өз көңілін күй дейді,
Өзін сүйген – өзгені әсте сүймейді.
Ұлылықты ол мақтаныш деп іздеді,
Менсінбесе ол – менсінбейміз біз де оны.
Көп ағайын мақтанам деп шатылды,
Мақтана алсаң,
Бола алмайсың ақылды.
Даңқ үшін сонша өрепкіп керемет,
Адамдықтан артық даңқ не керек?
Ақмақ деп ұқсаң жұрттың сен бәрін,
Өзің де сол... көптің бірі болғаның.
Ешкімге өзің шын көңілден сенбесең
Саған да ешкім сене қоймас ендеше.
Өскеніңе шүкір ете білмесең,
Өзіңнен сәл төменгіге күлме сен.
Құлай да алар – шыға алғандар жоғары,
Құлағанға үкім – аяу болады.
Өсу деген ұяласа ой кеудеңе
Өзгеге де білу керек жол бере.
Қағбаның сақинасы – біреуде,
Ал біреу мас, қолы келмей тіреуге.
Кім көндірер жаратқанды бірақ та
Молланы қуып, масты алуға жұмаққа?
Ол да мүмкін – жұмаққа енер тасадан
Жасағанды жібере алса мас адам.

ӘҢГІМЕ

Тавриздың шетінде шал тұрды бір қайырымды,
Аңыз болып тараған адалдығы жай күнгі.
Бір күн түнде көрді ол арқан тастап аттанып
Ұрылардың көрші үйге түсіп келе жатқанын.
Айқай салды сонда ол, оянды да көп халық,
Жетіп келді ұрыға таяқ алып топтанып.
Ұры састы,
Боп-боз боп жұрт көзінде тұрды әлгі,
Ұғына алмай қай жерге жасырарын қу жанды.
Ақыр қауіп-қатерден құтылды да сорлы ұры,
Зыта қашып жөнелді, қинап ұят қорлығы.
Шалдың жібіп жүрегі,
қмықты да қайғырды ол,
Ұрыны аяп, бір түнгі олжасынан айрылған.
Қуып жетіп ұрыны әкелік бір мейіріммен
Қалшылдаған ұрыға қайырыммен дейді ол:
«Қауіп қылма, қарағым,
Асыл досым, бермен кел,
Ерлігіңе ырза боп қуып жетіп мен келдім!
Сендей ерді еш жерден көрген жоқ ем жақын бір,
Болады ғой адамда екі түрлі батырлық:
Бірі жауын ұрады қаһарланып, құтырып,
Бірі ерлігін көрсетер – жаудан қашып
құтылып.
Ал, мен сенен осының екеуін де таныдым,
Қолыңды әкел құрметті – танысайық алыбым.
Егер сенің мал тапқың келіп тұрса – жүр бірге,
Олжа тауып берейін жететұғын бір күнге.
Көрдің бе анау үйді үлкен? Жабық қақпа
сарайды
Ұмыт қалған үй ол бір – иесіз тұр талай жыл:
Тасты үйеміз екеулеп, қабырғаға тақаймыз,
Ұрлық емес мұны біз адамдық деп атаймыз.
Ауладан мен ішке енем, таңдаймын да зат
үйден
Бере берем саған ап –
сен асықпай таси бер».
Ойланбады баукеспе кете берді ол жүріп,
Шал қуанды ұрыны алғанына көндіріп.
Шал шықсын деп сұйығың,
төсей қалды иығын,
Қарт қалбақтап ішке енді ауласынан үйінің.
Тасыды бар дүниесін, берді ұрыға шапанын,
Бөркін шешіп, ұсынды қайрымдылық атағын…
Бәрін беріп болған соң:
«Ұры түсті достарым,
Айырылып қалдым мен,
Құрып бітті босқа әлім!»
Ұры безе жөнелді – келгенінше шамасы
Арқалады, әкетті қайрымдыны қарашы:
Қуанып тұр ол қатты жүзі жанып гүл-гүл боп,
Бейшараға мен-дағы бір жақсылық қылдым деп.
Аяды шал пайда еткен ұйқысынан түндегі ел
Қарақшыны өмірде ешкімді аяп білмеген.
Қайырымды болса кім,
Қылмыс тартып жүдеген
Баскесердің өзін де бақытты ғып жіберер.
Қарақшыға оң-оңай өмір кешу бұл күнде,
Соның бәрі қайырымның арқасы ғой,
Білдің бе?!


БЕСІНШІ ТАРАУ


ӨЗ ТАҒДЫРЫҢА РИЗАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

Тек ол жақта бұл денеңе найза өтер,
Оған шейін не жөнің бар қайғы етер?!
Қылыш кімге көтерілсе – сол оғаш
Сезеді өзін сауытпен де жалаңаш.
Ал, сол жанның қайтпаса егер бақыты,
Ажалдың да болмайды алар уақыты.
Ақылды өлер, жазығы оның – туғаны,
Ақымаққа әсер етпес у дағы.

* * *
Есек өлді. Бас сүйегін қауғадай
Иесі әкеп көрініске қойды ұдай.
«Неғыласың көп кептіріп бұл миды?» –
Деп көрші шал өз-өзінен жымиды.
«Ей, қария, не тұр есек басында,
Ол да ақылды болған дейді жасында.
Бұл есектің басы арқылы талай күн
Есектерді ұялтуға жараймын».

* * *
Өзін емдеп алмай балгер, ғажабы,
Өзгелерді қалай емдеп жазады?!

* * *
Сараң жігіт есепқорлық ойымен,
Үй салыпты бірдей ғып өз бойымен.
Бел ағашқа ұрып алып төбесін
Әрең-әрең жиып жүрген ол есін.
Сұрапты одан қайырымды сары шал бір:
«Қарағым-ау, мұнша неге тар салдың?»
«Ататай-ай, бұл сұрақтан не қиын,
Өлсем өзім – бос қалмай ма кең үйім!»

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

АЗҒА ҚАНАҒАТ ЕТУ ТУРАЛЫ

Тағдырына шын разы болмаған жан ұдайы
Танымайды адам түгіл аспандағы Құдайын.
Азға ғанан қанғат қып кешкен күндер –
Толы ағын.
Сараңдарға қонған бақыт – байлық қана болады.
Аузыңды ашпа, ақмақ бас, кедейлікке көне
кет,
Байлық – бір жіп, тырп еткізбей қояр сені
өрелеп!
Басыңда аздап миың болса – денең-дағы тік
тұрар,
Әр адамың ақылдының бір қимылын ұқтырар.
Ақылды адам өз нәпсісін тыяр болар әуелі
Тікенектен ажыратып алу үшін мәуені.
Адам бол