Жұмекен Нəжімеденов проза жанрында да қалам тербе-
ген дарын иесі екені белгілі. Қарымды қаламгердің қылқа-
ламынан туған, өзі тірі кезінде жарық көрген «Ақ шағыл»
(1973), «Кішкентай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977) атты
романдары, «Бетпе-бет» атты повесі, «Домбыра жəне көсеу»,
«Хат тасушы», «Бір үзім нан» секілді əңгімелері жəне соңғы
жылдары жарияланған «Аспан шақырады» атты повесі мен
«Шындық немесе кесілген бұрым», «Оркиік», «Бақсы», «Өң
мен түс», «Ашақ-Мəші əңгімесі», «Солай, ұлым», «Көне
жұрт» т.б. əңгімелері, сөз жоқ, төл прозамызға қосылған
рухани асыл қазыналар. Жұмекен-прозаиктің осы саладағы
іргелі ізденістері туған əдебиетіміздің парасат пайымын сал-
мақтап, талдап, таразылап, оның деңгейін жоғары биіктікке
көтеруге атсалысты. Оның прозалық шығармаларындағы об-
раздар сипаты, көркем полотнолар, əдемі детальдар, психо-
логиялық терең тебіреніс суреткердің рухани биікке бет бұр-
ғандығын паш етті.
«Бақсы» – Ж.Нəжімеденов қаламынан туған əсерлі əң-
гімелердің бірі. Бақсы-балгерлер мен емші-тəуіптер туралы
көркем туынды арнау жəне шығарманың атын қою кеңестік
əдебиеттің идеологиясына еш үйлеспейтін заңдылық еді.
Сондықтан да болар, бұл əңгіменің баспасөз беттерінде
жариялануы мүмкін емес болатын. Оған шығарманың аты
ғана емес, ішкі мазмұны мен идеясы да себеп болды. Əңгіме
арқауына айналған оқиға – бала Аңсағанның науқастануы
мен оны емдеуге бақсының келуі. Дертіне дауа таба алмай
аласұрған ата-əже Аңсағанның ауруына шипаны бақсыдан
күтеді.
Автор өліммен арпалысып жатқан бала көңіліне жер бас-
қан пенденің əрқайсысы түюі тиіс сөз салады: «Айтпақшы,
апай о дүние жоқ дейді. Жоқ болғаны-ақ дұрыс. Əйтпесе,
əжесі айтатын Əңкүр-Нəңкүр күрзісін көтеріп жетіп келсе...
тасқараңғы көр, Алланың əмірімен мұны тірілтеді, бірақ,
үйге жібермейді, зіркіп тұрып жауап алады: анада, ханжап-
пай ойнағанда Салықпайға неге қаралық еттің? Бұзау еміп
қойғанда əжеңе неге өтірік айттың? Шай-сандықтағы азған-
тай тəттінің шетінен жымқырып тауысқан да, мұндар, сенсің,
онда көкең ауырып жатқан-ды, аузының дəмін алар дəнеңе
таппады. – Əң күр-Нəңкүрдің өлгенде өзіне қояр барлық кі-
нəсінан осы соңғысы – шай-сандықтан құрт ұрлағаны ауыр
көрінді» (3-бет). Бала Аңсағанның жанын жеп, қиналып жат-
қан күнəсі – кез келген пенденің балалықпен, аңғалдықпен
жасайтын зілсіз дүниелер. Дегенмен, Аңсаған осының өзі-
не қиналып, нəзік жүрегі ар-намыстың алдында дəрменсіз-
деу болып жатыр. Оқырманның бұған «күнə» деп қарамауы
да мүмкін. Бірақ, автордың айтпақ ойы, азаматтық кредосы
басқада. Елемеген кішкентай «күнəлардың» жиылып – ертең
түзей алмайтын, ауыр зардабы бар үлкен күнəға айналмасы-
на кім кепіл? Күнəнің үлкен-кішісі бола ма?
Қаламгер Аңсаған ойында арпалысқа түсіп жатқан осы
сезімдерді өз оқырманының да талқысына салып көрмекке
ұмтылады. Біздің күнəларымыз қандай? Əңкүр-Нəңкүрдің
алдында қалай жауап берем деп қиналып жатқан кішкентай
Аңсағаннан артықшылығымыз бар ма? Ар-ұяттың алдында-
ғы беделіміз қаншалықты? Міне, автор оқырман санасына
осы сауалдарды сыналап кіргізеді.
Əңгіменің өзегіне айналған кейіпкер бақсы да біздің түсі-
нігіміздегі бақсы-балгерлерге мүлдем ұқсамайды. Аңсаған-
ның ойында да, «бақсы бет-жағын түгел түк басқан, маңдай,
мойыны қатпар-қатпар, аузын ашса, көмейі үңірейген, үсті-
басы ылым-сылым кəрі біреу болуға тиіс» (4-бет). Бірақ бақ-
сының бет-бейнесі біз күткендегідей де, Аңсаған ойлағандай
да емес. «Бақсының алақаны бұж-бұж, қаптаған сүйел бол-
май ма? Таңданғанынан көзін ашып алды: бақсы үңіліп отыр
екен, күліп жіберді. Жүзі жып-жылы. Сақал-мұртын қанша
қау қитқанымен жастығы білініп тұр. Үлкен қоңыр көздері-
нен мейірім шуағы төгіледі» (4-бет).
Автордың суреттеуі қазақ халқының ежелден қалыптас-
қан дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігі мен мəдениетін бақ-
сы, жырау бейнелері арқылы қара сызықпен сызып тастауды
ниет еткен кеңестік идеологияға ашықтан-ашық қарсылық
болатын.
Қазақ бақсыларының науқастың бойынан ауруды қуу
үшін зікір салып, түрлі аспаптарды тартып ойнайтыны бел-
гілі. Əңгімеде бақсының зікір салып жатып жасайтын іс-
əрекетін автор нанымды, əсерлі етіп бейнелейді: «Бақсы
қақпағы жарық қара домбыраны сабалай жөнелді. Аузы-
басы қисаң қағады. Əлсін-əлсін домбыраны басынан асыра,
бұлғап-бұлғап тастайды. Кемпір-шал аң-таң боп бір сəт сі-
лейісіп қалысқан, артынша қарт сасқалақтап: «Əлгі күрек
қайда, күрек, күрек» – деп күбінді. Бақсы ыдырына тепсініп,
əрлі-берлі жүре бастады. Домбыраның құлақ күйі келмепті,
əрі бірде-бір перне дұрыс басылмайды. Естіліп жүрген əн-
күйден бөтен былдық-былдық бірдеңе. Əлде, аруақтың күйі
басқа ма?» (5-бет)
Жалпы, бақсының іс-əрекетін жазу үшін көркемдік қиял-
дау, əлдебіреуден есту жеткіліксіз. Оны тек көру, түйсіну
арқылы ғана қағаз бетіне түсіруге болады. Автордың бақсы
образын, оның іс-əрекетін дəлдікпен, үлкен сезімталдықпен
жеткізе білуі бізді осы ойға жетелейді. Бақсы аузынан айты-
латын:
Қара қаңбақ басынан,
Қалғып ұшқан əулие!
Қара жыңғыл қасынан,
Қарғып ұшқан əулие!
Жын-періден аруағы,
Асып туған əулие!
Қабырғасын диюдың,
Қасық қылған əулие!
Бəрің шайтан болмасаң,
Быдықтаған əулие!
Аңсағанның бүйірін,
Қытықтаған əулие! –
деген жолдармен басталатын аластау өлеңі де бұрын фольк-
лор зерттеушілерінің назарына іліне қоймаған, дерек көзіне
айнала қоймаған өлең. Автордың бұрын жарияланбаған,
зерттеу еңбектерінде кездеспеген мəтінді бақсының аузына
салуы да жоғарыдағы ойымызбен үндеседі.
Əңгіме соңында бақсыны қызыл жағалылардың алып ке-
туі баяндалады. Шығарманың осылайша бітуі оқырман үшін
ауырлау болса да, заңдылық еді. Ұраншыл, жалған идеоло-
гияның машинасына айналған қызыл жағалылардан басқаша
іс-əрекет күту де мүмкін емес. Бұл – қазақ тарихының қара-
лы күндерінің бір сəті ғана болатын, дегенмен автор бұдан
да ауыр, бұдан да өзекті мəселені алға тартады. Ол – адам-
зат баласының ар алдындағы, тағдыр алдындағы жауапкер-
шілігі. Фəниден бақиға аттанар алдында қандай күнə, қандай
сауап арқалап бармақпыз? Бала Аңсағанның көкірегін де:
«Мен ғой өлем, сосын не болар екен?» – деп сайрап жатқан
ойды оқырман өзіне қоя ала ма? Қаламгердің қадап айтар
ойы да – осы.