Осы күні жыр жаздық, көйлек көк те,
Әжім салды демеші бейнет бетке;
бейнеті аз бүгіннің, көйлегі көп,
іші пысқан жұрт қайтсын сөйлеп кетпей.
Көп сөйлеудің өзі де қартайтады,
сөйлемесең болмайды жарты ай тағы.
Үндемеген соң бізді жақсы ағалар
жас ақын деп, әрине, жорта айтады.
Бір жалған ой іліксе сөйлеміңе,
кішіреймес кінәдай дейді еліңе.
Әрбір жаман жырыңа қынжыласың,
жаңа жамау түскендей көйлегіңе.

1967, 1982