– Интрига түртті мені, – деп, түрлі
түскен әкім мұңын шаға кеп тұрды.
– Ол немене? – деп сұрады бір ақын,
Анау айтты:
– Мықтыларға құратын
тор мен тұзақ,
бола алады қақпан да –
сол құртты ғой бізді Құдай атқанда.
«Қаламгерден» қағып алған болатын:
– Сөздіктерден іздеп көрем! –
деді ақын, –
Интрига?..
Одан да әкел, құй, таста,
Көнбейтұғын сөз не керек ұйқасқа!
Бір жылдан соң қызмет ап әлгі адам,
Сәл ыңырсып сөзін былай жалғаған:
«Бір ақынның сәлемі ұнап, түсі ұнап
дәмдес боп ем – мазамды алды ішіп ап».
Ал, ақын ше? Жолығып ем жақында
«досым» деді ол дәмдес әкім хақында.
– Есіңде ме былтырғы сөз, – дедім мен, –
Іздемей-ақ қой сөздіктен, мақұл ма?!
1980