Тез өтші, жаңсақ ойлар, қате түндер,
Жамандық атаулыны жат етіңдер.
Ірмелмей тез шығыңдар, өтер күндер,
Сыймай қалған жүктеріңді әкетіңдер.

Бір дәптерді өлеңмен жасатып көр,
ал, мезгіл, мені соған қоса түпте.
Мың алғыс саған, достым Бүгінгі күн,
Ертеңге орныңды енді босатып бер.

Бір күннің отауында ғашығым бар,
бір сөздің тасасында асылым бар:
Келіңдер, тезірек кел, алғы күнім, –
Жаңалық, жақсылықтар, асығыңдар!

1970