Қалың елге бірінші жау шапқанда,
жауға қарсы жалғыз батыр аттанған.
Қалың елге екінші жау шапқанда
жауға қарсы дүйім халық аттанған.
Бүкіл дала өлік, өлік боп кетті,
байтақ елде өлімсіз күн өтпепті.
Мезгіл содан дала-томын түптеген,
бірақ қайғы мұнымен де бітпеген.
Қара тасқа бір таңбаны басқанда –
күреңітіп күн шығыпты аспанға.
Қара тасқа екі таңба басқанда –
ағараңдап ай шығыпты аспанға.
Тас атаулы таңба, таңба боп кетті,
тас бетінен таңбасыз күн өтпепті.
Мезгіл содан дала-томын түптеген,
бірақ тарих мұнымен де бітпеген.
Туатұғын сықылды бір мықты өлең...
1978