Мен онымен көріскем
Ұмытқанда сақтықты;
Ұйықтағанда періштем,
Жастық етіп ақ бұлтты.

Мен онымен танысқам
бір мақталып ішкенде;
басы айналып табыстан,
Тәңірім құлап түскенде.

Бұта жүзген қылтылдап,
Қараңғы еді таң алды.
Сорлы құсым бір тулап
Мықты торға қамалды.

Өзім де бір мұндармын,
енді иесін сөз етем.
Рас, ол кез жындардың,
Көшетұғын кезі екен.

1980