Тағы да, тағы да бір жыр бастайын,
тыңдады, құрдас терек, сырлас қайың:
өлең бар әр бұтақта жүз жапырақ,
өмір бар жүз драма бір бас сайын.
Пердесін ашады оның тіл мен көңіл,
осы ма, тіл мен көңіл, білгендегің?!
Рөлін артист-сөздер ойнай алмай
ақылдың жылап берді күлген жерін.
Қай жаққа, енді қайда бұрыла алам,
Жаным бар шындық дарын, жыр ұнаған.
Осы бір кеудемдегі кішкене бас
Үп-үлкен дүниенің сырына алаң...
1960, 1982