Бір шындықты көргенде күйіп кетіп,
ернеуінен кесенің сүйіп кетік –
айналаға қарады ол,
сол бір кесе
жас жігітті жіберді биіктетіп.
Бүйтіп биік болғаным құрсын дедім,
құрсын дедім;
қалды тек құр сүлдерім.
Ойға – шындық,
сөзіме нұр сіңгелі
жаһаннамға естілді күрсінгенім.
Шарап жұту болса егер өнер мықты,
кесе жасар еді ғой көп ерлікті!
...Шарап бітті ішіліп, өлең бітті,
көңіл, сен де қойсаңшы көбеңдікті?!
1978