Аспан қанша болған сайын қап-қара,
жұлдыздары жарығырақ жанады.
Жыртылсын бір қоп-қою шаң – жабағы,
көтер, достым, жұлдызыңды жоғары!
Қабырғада ербеңдейді көлеңке,
көлеңкелер жүр адымдап төбеде.
Жарқ-жұрқ етіп жарықтың айбалтасы
қараңғының қабырғасын сөгеді...
Әр маңдайға шықты көлбеп бір-бір күн,
шам дейміз біз кішірейтіп оны да.
Бүкіл қала жатқандайын жылынып
шахташының шам ұстаған қолына.
Қара тасқа қадалғанда сұр қайла
уыс-уыс жұлдыз ұшып шығады...
жарығы бар, жылуы жоқ,
о, жұлдыздың шуағы!
1963, 1982