Ал, партия, сенің күнің бұл туған,
Өз толқының өзенімде бұлқынған.
Сүйемін мен, сүйемін мен өзіңді
Адам үшін – алға ғана ұмтылған.
Таң атса егер Шолпанысың сен оның,
Сенің, сенің жанарыңа сенемін.
Өмір-кеме, сен алдағы шырақсың,
Сол кемеде мен де бүгін келемін...
Күн болса егер – жарығысың сен күннің,
Жарығыңа, жарығыңа телмірдім.
Миллионға, миллионға – біреусің,
Біздің аспан биігіне тіреусің!
Өз атыңа, өз даңқыңа сүйенген
Сәби елмін – күлкі жұтып, күй емген.
Сенің атың адалдықпен туды егіз,
Сондықтан да, сондықтан да сүйем мен.
Жырым ту боп тұрар ма екен желбіреп,
Партияны жыр етейік кел, жүрек.
Махаббаттың жүрегімен сүйем мен,
Мейірімнің көңілімен елжіреп...
1962