Өтеді бар жаңалық мен арқылы,
жоқ бірақ шын жаңаның болар түрі;
кей күндер маған сыймай өтіп жатыр,
қаламын кей сағаттан мен артылып.

Біріміз бірімізге шақ келмедік,
ақын деп маған тағдыр ат бергелі.
Өтер күн, менің барлық мінімді әкет,
жаңа таң, жаңа жырымды ап кел бері!

Жаңаға, жақсыға да елек керек,
Сол елек көңіл шіркін демек керек.
Өкпелеп өтсін маған тағы бір күн,
қалайын бір күніме мен өкпелеп.

Жар салайын жаңаға өкіл болып,
ең соңғы қызылыммен бетімдегі.
Біткесін жаңа жырым бос қалармын
газеті біткен киоскі секілденіп...

1970