Қайың-жеңге, алдыма қымыз қой да,
тал-қарындас, сызылтып сыбызғы ойна.
Орман-ана, кеңдік ет гүл-гүл аңқып,
бір билейін Шілікпен мың бұралтып.
Шілік-бикеш, – әр биі бір-бір алтын, –
бұзып жүрген жоқ па екен, құрғыр, антын?
Айнымалы уақыт қой, айнымалы;
жастық шақ, махаббаттың қайда ылаңы?
Оралғаным сонау бір кезден бері,
содан бері соңымнан сөз де ермеді.
Кеудем ғана шаншу мен салқын күткен,
жігіт-дәурен алмасты шал-тірлікпен.
Деп ем, Қайың-жеңешем сый күтпеді,
Тал-қарындас қайқайды – илікпеді.
Бойы, әнеки, бір сүйем ұзын шығып,
кетті билеп Шыршамен қызыл Шілік.
Мұздай бауры жұқарған жылы ағын жеп,
өксіп-өксіп, мен тұрдым, жылағым кеп.
«Сорлы бар ма», – деп едім, – менен басқа –
опырылып күлді-ай кеп емен қасқа...
1978, 1982