Мықтылық бар, осалдық бар ғажайып сұлуларда, соның бірін жазайық: Мықтылығы – ғашықтары көп оның, осалдығы – соның көбін елеуі. Мықтылық бар сұлуларда не түрлі, ең бастысы – осалдығы секілді. 1967