Менің жауым – осы жердің үстінде,
Біткен болса әділетсіз күш кімге.
Кімнің қолы адамды атса – сол жауым;
Менің жауым – осы жердің үстінде.
Менің жауым – бар құрлықта, бар елде
Жаман ойлы Адам болса әлемде,
Жақсылықты танымаса, және де ол
Айырмаса адалдықты бәледен,
Қанша қырсық келген қолдан сол мықты,
Келмесе егер жеңу қатер қорлықты;
Кім бағалай білмесе ыза кек күшін –
Соның бәрін менің жауым деп түсін!

1965