Күн күледі, күлмегенде немене
жайлап алса бүкіл дүние төбесін.
Күлдің-дағы бір күлгісі келеді
жылыта алса суып қалған денесін.
Ей, тіршілік! Суық күлдің сұр түсі
болар мүмкін өлілердің күлкісі?!
 

Ғашық болып ошақ пенен өмірге
от өшіпті, тірі адамдар көмілген –
Күлкі керек! Күле білмес пендеге
құпиямды көрсетемін мен неге!

Көл күледі, күлмегенде қайтеді –
жасырған соң ылайы мен қоқтығын.
Мен де күлем, күлмегенде қайтемін –
жасыратын жоқ түгім.

1965