Көкпеңбек,
жер де көк, көк те көк,
көкпеңбек төбет те қарғылы.
Табиғат анаға өкпе жоқ:
бір түске бояпты барлығын.
Айнала көк-жасыл – жас бәрі,
бояудың бірлігі – ұтады.
Кәрі емен қалтылдап бастары
қостайды боз бала-бұтаны.
Өзге түс күтпей-ақ қой алдан,
көк бояу күледі қулана.
Бар дүние көк түске боялған,
мөлдірлікті ұстапты су ғана,
өзге бір сиқырмен, қуатпен...
су аты – су, әттең!
1963, 1982