Көк аяз кернейлетті, кернейлетті,
жағаңды қырауымен жөрмей кетті.
Жаңағы ажырамас достар еді –
екі ерін бірін-бірі көрмей кетті.
Мына түн суып кетті-ау,
суып кетті,
Қусыртып екі қолды буып кетті.
Ай-тазы жылмаң етіп шыға келіп,
ақ бөрте қоян-бұлтты қуып кетті.
1970