Қара аспанды көтеріп тұр бағана,
    біздің осы лавада.
Көлбеп түскен көлеңкесі тіреудің
терең қазған орға ұқсайды алдыңда –
түсіп кетер секілдісің– аттасаң,
    ал мұнда
крепильщик жата қалып іргеге
Жатыр сол бір қара аспанды шегелеп –
О, керемет! Жүзі де оның қап-қара,
қос қара аспан жеп барады бір-бірін!
    Аспанымен лаваның
    мөл-мөлт етіп ақ тамшылар ағады,
    ақ тамшылар жетеді.
Сол жігіттің күйе басқан жүзінен
    ақ тамшылар біртін-біртін үзілген
Метеордай ізін тастап кетеді...

1965