Қандай міндет артар едің, жаңа күн,
көктемеде бүр жарсам мен ашылып.
Бір ғажайып бәйтерек боп талабым,
бұтағыңа ұя салар жас үміт.

Жолаушы едім, үмітімді қуған ем,
мені сенім, сенімді мен әлдилеп,
Шаршармын мен, сонда-дағы, туған ел,
бір бұтаңа сүйенермін қалғи кеп...

Жортармын мен күн-түн қатып сабылып,
қалар алыс бұйра тозаң бұлдырап.
Тыныстармын аспан бұлтын жамылып,
Ай астында ақ бұлақ боп сылдырап.

1960, 1982