Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді,
сен жұмсасаң сөз байғұс көнем деді.
Сенейін бе мен саған, көнейін бе,
қайда апара жатырсың, өлең, мені?

Шешемді еміп өсіп ем, жел емгелі
біраз болды, желіктім,
                                желем дедім.
Асықпай-ақ туып ем,
                                дедектетіп
қайда әкеле жатырсың, өлең ,мені?

Басы айналмас кісінің төмендегі,
төменіңе қалдыршы, өлең, мені.
бір қарызым бәрібір төленбейді;
Ақын болды десе де жасында әйгі,
қақ жартысы жырымның басылмайды.
Бір сөзім бар – бәрібір айтылмайды,
бір есігім бәрібір ашылмайды...

1970