«А, дүние» деп бастап еді өлеңді,
сонау кезгі ұлыларға ұсап қап.
Бар әлемді құшпақ еді, ол енді
қалды мынау бос ауаны құшақтап.
Салқын тартып сала берді сөзі де,
көп ұстаздың тасасында бұқпақтай,
«а, дүниені» қаратып ап өзіне
Отыр білем айтатұғын түк таппай.
1965