Дос жыласа – мен қалайша күле алам,
жылар едім – жылата ма Дос мені,
Жуа алмасам Дос жанын мұң-кінәдан
бұл тілімді жауым неге кеспеді!
Дос қолтығын сүйемесе, қол мына
Неге керек –
Күншуақпен қосыла,
сол баяғы қызыл тіл мен домбыра
бір ләззат бере алмаса досыма?!
Адалдықпен өлшенсе егер ар құны,
Мен – үйренгем бәрін... бәрін зор тұтып.
Жақсы досқа жанды қию арқылы
өмір сүрем жаман жауды қорқытып!

1965