Дәлел керек ғылымға – кім жасырды,
қойны-қоншын архивтың сырлас үңгіп.
Тым болмаса алдайтын бір ғасырды,
шындық керек ғылымға – бұл да шындық.

Ал, ғылым шындық үшін керек екен;
дәл осыған оқушым не дер екен:
тірінің сену үшін тірлігіне,
тіріні кейде өлтіріп көреді екен.

1967, 1982