Біз де біраз күн өткіздік, көктедік,
Шахта, вокзал, театрда, түрмеде.
Соның бәрін жалғыз жүрек өткеріп,
Соның бәрін көтеріпті бір дене!
Бар қайғыны жуып кетті бір бақыт,
Бар шаттықты жуа ала ма бір қайғы?
Сол бір күндер алсам нені ұрлатып,
Бұл күн соған іздеу салмай тұрмайды.
Мен – іздеймін сол күндердің төзімін,
Бейнеті мен қасіретін емес тек.
Кім қуанса, соның үні – өз үнім,
Кім қайғырса – соғыс кетер елестеп…
1965