Бір циклды төгіп-шашып бітірдім,
бір кәдеге жарар білем, шүкір, бұл.
Енді нені жазсам екен мен осы,
ал, Уақыт, құлақ сенде, үкім қыл.

Ал, Уақыт, сен бүйте ғой, мен өйтіп
Өлең жолын көрейікші көбейтіп.
...Қалай баспас екен осы жырымды:
леп белгі қондырайын серейтіп!

1970